Тағайындау • 23 Тамыз, 2019

Нұрлан Сыдықов Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Нұрлан Сыдықов Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды

Нұрлан Ерболатұлы Сыдықов 1983 жылы туған, жоғары білімді, 2007 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, 2012 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын аяқтаған.

Бұған дейін ол Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы болған. Түрлі жылдары Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы, Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы қызметтерін атқарған.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше