Тағайындау • 26 Тамыз, 2019

Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды

«Қайрат Айтмұхамбетұлы Нұрпейісов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды», делінген хабарламада.

Сондай ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.