Аймақтар • 27 Тамыз, 2019

Үш адамды қағып кетті

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүйсенбі күні таңғы сағат төрт шамасында Алматыдағы Гагарин көшесінің бойында шетелдік жеңіл көлік үш адамды қағып кетіп, оқиға орнынан із суытты.

Үш адамды қағып кетті

Куәгерлер бұл оқиғаны бейнетаспаға түсіріп алған екен. Соған сүйенсек, сол маңдағы дәмханалардың бірінде «көңіл көтеріп» отырған бір топ жігіттің арасында кикілжің шығып, оның соңы жанжалға ұласқан. Содан бәрі көшеге шығады. Ақырында қара түсті шетелдік көлікті тізгіндеген қаскөй қасақана үш адамды қағып, оқиға орнынан із суытады.

Осы оқиғаға қатысты Ал­­маты қалалық полиция департаменті түсініктеме берді. «Қазақстан Респуб­ли­касы Қылмыстық кодексі­нің үш бабы бойынша қыл­мыс­тық іс қозғалды. Тергеу Бостан­дық аудан­дық полиция бөлімінде тер­риториялық жағынан, сондай-ақ тергеу бөлімінде жүргізілуде. Кү­діктілер анықталды, қа­зір оларды ұстауға және көлік­ті тәркілеуге бағытталған же­дел-іздестіру шаралары қолға алынды», дей­ді поли­ция­ның баспасөз қыз­меті.

Жәбірленушілер түрлі дең­­гейдегі жарақаттар ал­ған. Қазір олар ем-дом қабылдау­да.

 

Алматы