Тағайындау • 26 Тамыз, 2019

Раушан Қажыбаева Президент телерадиокешенінің бас директоры болып тағайындалды

511 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасына жазды. 

 

Раушан Қажыбаева Президент телерадиокешенінің бас директоры болып тағайындалды

«Раушан Жаңабергенқызы Қажыбаева Қазақстан Республикасы Президенті телерадиокешенінің бас директоры болып тағайындалды. Бұған дейін Раушан Қажыбаева ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР Парламент Сенаты төрағасының кеңесшісі, ҚР Парламент Сенаты баспасөз қызметінің жетекшісі, ҚР Премьер-Министрі баспасөз қызметінің басшысы, баспасөз хатшысы, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры болып қызмет атқарды. Сондай-ақ республикалық «КТК» және «Қазақстан» телеарналарында жұмыс істеген», деп жазды Берік Уәли.