Аймақтар • 27 Тамыз, 2019

Арыс қаласында жеті сектор құрылыс жұмыстарын аяқтады

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрылысшылар 7207 жеке тұрғын үйлер мен көп қабатты үйлерде қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады. Оның 600-де косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Арыс қаласында жеті сектор құрылыс жұмыстарын аяқтады

Қалпына келтіру жұмыстары Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктеріне бекітілген Арыстың 7 секторында аяқталды.

Жаңа үйлер тозығы жеткен немесе апатты деп танылған 95 отбасына тұрғызылды. Бүгінгі күні 4,7 мың жұмысшы әскери полигондағы жарылыстардан зардап шеккен 367 тұрғын үй қорының нысанын қайта тұрғызуда. Олардың құрылысы тұрақты бақылауда тұр. 

Сондай-ақ қалада әлеуметтік және бизнес нысандарын қайта құру үшін 1,2 мың жұмысшы жұмыс істейді.