Спорт • 27 Тамыз, 2019

Апалы-сіңлілі Немичтер 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысады

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синхронды жүзуден Қазақстан командасының мүшелері Александра және Екатерина Немичтер 2020 жылғы Токио Олимпиадасына қатысу нормативін орындады деп хабарлайды Olympic.kz. 

Апалы-сіңлілі Немичтер 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысады

Олар Кванджуда өткен 2019 жылғы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша лицензияға иелік етіп отыр. 

Дуэттерді Олимпиада ойындарына іріктеу бірнеше тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Алғашқы 10 команда әлем чемпионатының қорытындысы бойынша автоматты түрде Токио жолдамасына қол жеткізеді. Олардың қатарында ойынды қабылдайтын мемлекет Жапония, Ресей, Египет, Австралия, Украина, Қытай, Канада елінің өкілдері бар. 

Олимпиаданың бес жолдамасы әр құрлықта жоғары орында тұрған командаларға рейтинг бойынша үлестіріледі (Жапония есепке алынбайды). 2019 жылғы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Азия құрлығынан Қазақтан, Африкадан Оңтүстік Африка Республикасы, Океания аймағынан Жаңа Зеландия лицензия иеленді. Панамерика ойындарының қорытындысы бойынша жолдама Америка немесе Мексиканың біріне бұйырады. Ал Еурподағы өкіл кейін анықталмақ. 

Олимпиада ойындарының қалған жеті қатысушысы іріктеу турнирінде рейтинг бойынша анықталады. Халықаралық Олимпиада комитеті синхронды жүзуден дуэттерге арнап 22 квота бөлген. 

Осылайша, Қазақстан құрамасы 12 лицензияға иелік етті. Бұған дейін Ришат Хайбуллин (спорттық құзға өрмелеу), Дмитрий Баландин (100,200 метрге брасс әдісімен жүзу), Ольга Рыпакова, Георгий Шейко (жеңіл атлетика), Евгений Гидич (велоспорт), классикалық түрде садақ атудан Қазақстан ерлер командасы (Денис Ганькин, Ильфа Абдуллин, Санжар Мұсаев) және Виталий Худяков (ашық суда жүзу) Олимпиадаға қатысу нормативін орындаған болатын.