Тағайындау • 27 Тамыз, 2019

Әлтайыр Уызбаев Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Цифрлық даму, инновациялар​ және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Әлтайыр Құдайбергенұлы Уызбаев ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Әлтайыр Уызбаев Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды

Әлтайыр Уызбаев 1976 жылы 5 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2010 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған.  

Еңбек жолын 1994 жылы Қарағанды қаласында Қолданбалы математика институтының зертханашысы болып бастаған. Түрлі жылдары «Қазпошта» ААҚ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Зерде» ҰАХ» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Астана innovations» АҚ, сондай-ақ, коммерциялық секторда қызмет істеген. 

2004–2009 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымында жұмыс істеген, бас сарапшыдан бөлім меңгерушісінің орынбасары лауазымына дейін еңбек еткен.