Көрмеде Абайдың өмірі мен шығармашылығы, еңбектері мен танымал тұлғалардың ақын туралы жазылған мақалалары ұсынылған.
Көрмеге ұсынылған жәдігерлердің әрқайсысы өз тарихымен құнды. Олардың қатарында Абайдың алғашқы өлеңдерінің ішінде шығыс классикалық поэзиясының әсерімен жазылған лирикалық өлеңдері, халық поэзиясы стилінде, сол кездегі суырып салма ақындардың шығармашылығы рухында құрылған таңғажайып өлеңдерімен қатар (170-ке жуық өлеңдер мен 56 аудармалар, жазбаша өлеңдер, нақыл сөздер) қара сөздері бар. Абайдың әдеби-эстетикалық мұрасы – қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Көрнекті ақын және ағартушы Абайдың мұрасы еліміздің әдебиеті, музыкасы және бейнелеу өнері қорында сақталған.
АЛМАТЫ