Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2019

Өскеменде 1 мың орындық қазақ мектебі ашылды

1097 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл – Өскеменде ашылған 12-інші қазақ мектебі.

Өскеменде 1 мың орындық қазақ мектебі ашылды

 Бүгін, 1 қыркүйек – Білім күнінде Өскемендегі Жібек маталар ықшамауданында №48 мектеп-қосымша білім беру орталығы ашылды. Білім ордасының ашылу салтанатына облыс әкімі Даниал Ахметов қатысты.

 мек

мек 1

мек 4

«Бұл мектептің басқа мектептерден өзгешелігі, аты айтып тұрғандай балаларға қосымша білім алуға мүмкіндік бар. Яғни оқушылар өздері қалаған үйірмелеріне қатысып, тегін қосымша сабаққа барады. Мұндай жүйе қаладағы екі мектепте бар. Қазақ мектептері арасында алғаш рет ашып отырмыз. Ата-аналар балаларын бізге қызығушылықпен әкеліп жатыр. Мұғалімдер жеткілікті. Ұстаздардың жалпы саны – 100. Оның ішінде жоғары категориялы мұғалімдер саны - 17. 1 категориялы мұғалімдер саны – 22, 2 категориялы мұғалімдер саны - 22. Яғни мұғалімдердің 57 проценті жоғары білімді. Жас мұғалімдер саны – 18. Қуаныштысы, 3 жас маманды жұмысқа қабылдадық. Үшеуі де ер мұғалім. Соның екеуіне тамыз конференциясында пәтер кілті берілді. Осылайша қуаныш үстіне қуаныш еселеніп жатқан жайымыз бар» дейді жаңа мектептің директоры Шынар Мажинова.

мек 2

мек 3

Орайы келгенде айта кетейік, бұл – Өскеменде ашылған 12-інші қазақ мектебі. Қала әкімінің орынбасары Серік Жеңісұлының айтуынша, қазіргі уақытта Ахмер ауылында 1000 және Сограда 600 орындық жаңа мектеп салынып жатыр. Демек, жыл соңына дейін Өскеменде 2600 орындық үш қазақ мектебі пайдалануға беріледі.

ӨСКЕМЕН

Суреттерді түсірген Тілеубек ШАЯХМЕТ