Әлем • 02 Қыркүйек, 2019

Қытай АҚШ компанияларын ығыстырып жатыр

699 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында АҚШ Президенті Дональд Трамп Қытайдағы америкалық компаниялардың 13 пайызы өз кәсібін тоқтатып, АҚШ-қа оралатынын хабарлады. Оның айтуынша, бұл сан алдағы уақытта өсуі мүмкін. Компаниялардың елге оралу себебін Трамп өзі түсіндірді.

Қытай АҚШ компанияларын ығыстырып жатыр

– АҚШ-тың баж салығы Қытайға қиын соғып жатыр. Соның салдарынан Бей­жің ұлттық валютасының бағамын төмендетіп, эко­­­­номикасына ақша құюға мәжбүр», – деді АҚШ басшысы. Ал өзге мәліметтерге сенсек, Вашингтон Бей­жің­нен империялық Қы­тай кезіндегі амери­ка­лық­тар­дың сатып алған құнды қағаздарын төлеуді талап ет­келі отыр. Оның көлемі 1 триллион долларды құрайды.

Жалпы, бұл процесс был­­­­тырдан бері Қытай мен Америка арасындағы сауда соғысының келесі деңгейі десек, қателеспейтін шы­ғар­мыз. Өйткені 1 қыр­күйектен бас­тап Қытай Америка Құрама Штат­тарынан импортталатын тауар­ларға жалпы құны 75 миллиард доллар болатын қосымша баж салығын 5 пайызға өсірді. Дәл осынша пайызға Америка 300 мил­лиард доллар тұратын қы­тайлық тауарға салығын көбейтті.

Биыл мамыр айында аталған сауда текетіресінің аясында Вашингтон Бей­жіңнен келетін 200 мил­лиард долларлық тауарларға баж салығын 10 пайыздан 25 пайызға өсірген еді.

Бұл сауда қақтығысы екі елдің де экономикасына зия­нын тигізіп отырғанын сарапшылар айтып келе жатыр. Сондай-ақ Америка Құ­рама Штат­тары және Қытай эконо­микасымен ты­ғыз бай­­­ланысты өзге елдер де шы­ғын көре бас­тады.

 

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20