Ал бүгінде ел назарындағы Арыс қаласы бойынша 2500-ге жуық оқушы 1 сыныпқа барды. Білім күні қаладағы барлық 40 мектепте алғашқы қоңырау соғылды. Шаһардағы И.Журба атындағы жалпы орта мектебінде өткен салтанатты шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма төрағасы Арман Жетпісбаев қатысты.
Арыс қаласындағы әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру жұмыстарымен айналысқан "Самұрық - Қазына" ҰӘҚ " АҚ 16 орта мектепті толық қалпына келтіріп, оқу жылына дайындап үлгерді. Айта кетелік, бүгінгі таңда Арыс қаласында қор қалпына келтіретін 68 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының 63 нысаны пайдалануға берілген. Қалған 5 нысанды қыркүйек және қазан айларында тапсыру көзделіп отыр.
Түркістан облысы