Президент • 02 Қыркүйек, 2019

Президент: Жыл сайын 21 мыңға жуық мектеп түлегі кәсіби және ЖОО-ға түсе алмай қалады

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында оқушылардың қабілетін айқындап, оларға бағыт-бағдар беру саясатына көшу қажет екенін айтты.

Президент: Жыл сайын 21 мыңға жуық мектеп түлегі кәсіби және ЖОО-ға түсе алмай қалады

«Жыл сайын 21 мыңға жуық мектеп түлегі кәсіби және жоғары оқу орындарына түсе алмай қалады. Жастардың бұл тобы жұмыссыздар мен маргиналдардың негізін құрайды. Олар амалының жоқтығынан қылмыстық және экстремистік ағымдардың ықпалына түсуде. Біз оқушылардың қабілетін айқындап,  кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет. Бұл саясат орта білім берудің ұлттық стандартының негізі болуы тиіс. Экономикамызда техника саласының мамандарына сұраныс өте жоғары, бірақ мүмкіндіктер аз. Кәсіпорындар тиісті мамандарды шетелден шақыруға мәжбүр. Осындай келеңсіз жағдайды жедел түзетуіміз керек» деді Мемлекет басшысы.