Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2019

Теміртауда SMART technologies мектеп-лицейі ашылды

511 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теміртау қаласында жаңадан салынған облыстық мамандандырылған SMART technologies мектеп-лицейі ашылды. Білім мекемесіне 5-8 сыныптардың тестілеу сынағынан іркілмей өткен 400 дарынды оқушысы қабылданды.

Теміртауда SMART technologies мектеп-лицейі ашылды

Өңірдің өзге қалалары мен аудандарынан келіп оқитын лицейліктер үшін асханасы, барлық тұрмыстық жағдайы бар интернат үйі жұмыс істейді.

IT-мектеп оқуға және техникалық сабақтарға арналған заманауи  жабдықтармен жарақтандырылған. Оқушылар 5-ші сыныптан бастап жаңа пәндер мен бағдарламалау тілдеріне тереңдетіп оқыту арқылы кәсіптік бағдар ала бастайды. Оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Мектеп мұғалімдері университетте тағылымдамадан өткен. 

Мектеп-лицейде оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуі және спортпен айналысуы үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда футбол, баскетбол, бокс, күрес және басқа да спорт түрлеріне арналған құрал-жабдықтармен жарақтандырылған акт залы және екі спорт залы бар.

Соңғы жаңалықтар