20 Наурыз, 2010

АСТАНАЛЫҚТАР ҚОЛҰШЫН СОЗДЫ

646 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше гуманитарлық жүк тиелген автокеруен Астанадан Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қызылағаш ауылына жол тартты. Осы күні су тасқынынан зардап шеккен өңірге аттану үшін “Нұр Отан” ХДП қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әмірхан Рахымжанов пен Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары Бақытжан Сейітов жолға шықты. Жалпы, автокеруенге барлығы 50 тоннаға жуық тұтыну тауарлары жиналды. Оның ішінде 2500 кг. ұн, 1786 кг. макарон, 1450 кг. қант, 675 кг. күріш, 881 литр өсімдік майы, 10840 банкі түрлі консервлер, 700 литр пакеттегі сүт, сондай-ақ 200 адамға есептелген киім-кешек, көрпелер, матрацтар, балалар ойыншықтары, ас үй жабдықтары, жеке гигиеналық заттар бар. Азық-түлік көлемі 1000 адамға бір айға жететін болады. Гуманитарлық көмектің жалпы құны 30 млн. теңгені құрады. Осы күні Астана әкімдігі Үкі­мет басшысының тапсырмасы бой­ынша Алматы облысына көмекке 50 млн. теңге  аударды. Бұған дейін Астана әкімі аппаратының қыз­мет­керлері, қалалық басқармалар, аудан әкімдіктері, елорда әкімдігіне бағынысты бірқатар кәсіпорын мамандары, “Нұр Отан” ХДП ас­таналық филиалының қыз­мет­керлері және қаланың ондаған еңбек ұжым­дары арнайы ашылған қайы­рымдылық шотына бір күндік жалақыларын аударған болатын. Дастан КЕНЖАЛИН.