Спорт • 03 Қыркүйек, 2019

Іріктеу турнирі Вухан қаласында өтеді

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан 2020 жылғы Олимпия ойындарына іріктеу турнирлерін ұйым­дастыратын арнайы жұмыс тобы лицен­зиялық жарыс өтетін қалаларды анық­тады, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Іріктеу турнирі Вухан қаласында өтеді

2020 жылдың ақпаны мен мамыры аралығында бокстан төрт аймақтық іріктеу турнирі мен әлем чемпионаты өтеді. Аталған турнирлер арқылы боксшылар Токио Олимпиадасының жолдамасына таласпақ.

Бокстан Азия, Тынық мұхит аймағы үшін Олимпия ойындарына іріктеу турнирі 2020 жылдың 3-14 ақпан аралығында Қытайдың Ухан қаласында өтеді. Сонымен қатар Африка құрлығының боксшылары 20-29 ақпанда Сенегал астанасы Дакарда сынға түссе, еуропалық боксшылар 13-23 наурыз­да Ұлыбританияның бас шаһары Лон­донда Олимпиада жолдамасы үшін жұдырықтасады.

Америка құрлығындағылар 26 наурыз – 3 сәуір аралығында Буэнос-Айресте (Аргентина) Олимпиада жолдамасын сарапқа салады. Ал бокстан әлем чемпионаты 13-24 мамыр аралығында Париж (Франция) қаласында өтеді.