Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2019

Өзім үшін ең маңызды дегендерін түртіп қойдым - Ө. Шыныбекұлы

525 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын қоғам белсенділері қызу талқылауда. Тарихшы, ұстаз Өмір Шыныбекұлы Facebook парақшасында Жолдауға қатысты пікірімен бөліскен. 

Өзім үшін ең маңызды дегендерін түртіп қойдым - Ө. Шыныбекұлы

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы өзім үшін ең маңызды дегендерін түртіп қойдым.

- Еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес. Бұл – біздің ұстанатын басты қағидатымыз.

- Конституцияға сәйкес азаматтарымыздың өз ойын еркін айтуға құқығы бар.

Егер бейбіт акциялар заңның шеңберінен шықпайтын және азаматтарымыздың тыныштығын бұзбайтын болса, бұған түсіністікпен қарап, жиындарды өткізу үшін арнайы орын бөлу қажет. Мұндай орындар қаланың шетінде болмауы тиіс.

- Құқық қорғау жүйесін толық реформалау – аса маңызды міндеттердің бірі.

- Индустрияландырудың үшінші бесжылдығын жүргізу барысында жіберілген барлық қателіктерді, олқылықтарды ескеруіміз керек.

- Біздің мемлекеттік компаниялар ірі конгломераттарға айналды. Бірақ олардың халықаралық бәсекеге қабілеттілігі күмән тудырады.

Мемлекеттің экономикаға орынсыз араласуын азайту мақсатымен квазимемлекеттік компаниялар құруға мораторий енгізу жөнінде шешім қабылдадым.

- Біз шағын елді мекендерді дамытуға қатысты өте күрделі мәселені шешуіміз қажет.

Өңірлік стандарттар әзірленді. Енді оларды үш мыңнан астам негізгі және қанаттас ауылдық елді мекендерге енгізу қажет.

- Жалпы ішкі өнім мен халық табысының артуына қарамастан, қоғамдағы мүліктік жіктелу үдерісі сақталып отыр, тіпті күшейіп барады.

Бұл – алаңдатарлық фактор. Сондықтан оған ерекше назар аудару керек.

- Конституция бойынша біздің еліміз – әлеуметтік мемлекет. Сондықтан мемлекетіміз азаматтар алдындағы міндеттерін орындауы тиіс.

- Пилоттық жоба ретінде тұрғындар тарапынан жергілікті билік жұмысының тиімділігін бағалау жүйесін енгізу қажет деп санаймын.

Мысалы, егер сауалнама немесе онлайн-дауыс беру нәтижесінде тұрғындардың 30 пайызынан астамы қала немесе ауыл әкімінің жұмысын тиімсіз деп есептесе, бұл Президент Әкімшілігінің арнайы комиссия құрып, туындаған мәселені зерттеуіне және тиісті ұсыным енгізуіне негіз бола алады.

- Ірі қалалардың тұрғындары көбейіп келе жатқаны байқалады. Сонымен қатар, жаңа тұрғындарға қолайлы жағдай жасалған Павлодар және Петропавл сынды қалаларда адамдар мен еңбек ресурстарының тапшылығы бар.

Үкімет көші-қон үдерісін басқару үшін пәрменді шаралар қабылдауы тиіс.

- Реформаны тек реформа үшін жүргізуге жол берілмейді», деп жазады Өмір Шыныбекұлы.