Спорт • 03 Қыркүйек, 2019

Теннис: Юлия Путинцева да доданы аяқтады

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нью-Йоркте өтіп жатқан «Үлкен дуылға» санатындағы жарыстардың бірі – АҚШ-тың ашық біріншілігі бел ортадан асты. Алайда қазақстандық теннисшілер үшін айтулы дода аяқталды.  

Теннис: Юлия Путинцева да доданы аяқтады

Жерлестеріміздің арасынан бұл турнирде ең соңғы болып Юлия Путинцева өнер көрсетті. Ресейлік Анна Калинскаямен жұп құрған ол үшінші кезеңге дейін жетті. Бастапқы бәсекелерде Моника Пуиг (Пуэрто-Рико)/Даяна Ястермская (Польша) және Пэн Шуай (Қытай)/Алиция Росольсканы (Польша) жеңгенімен, кеше әлемнің ең үздік жұбы Тимея Бабош (Венгрия) пен Кристина Младеновичке есе жіберді. Екі сеттік сайыс 3:6, 2:6 есебімен аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, жекелеген сайыста да Юлия Путинцева үшінші кезеңге шыққан еді. Америкалық Мэдисон Бренгл, беларуссиялық Арина Соболенкоға сан соқтырған ол хорватиялық Донна Векичке жол берді. Сол секілді Александр Бублик те дәл сол межеге жетті. Колумбиялық Сантьяго Хиральдо мен италиялық Томас Фаббиянодан басым түскен отандасымыз испаниялық Пабло Андухардан айласын асыра алмады. Ал Михаил Кукушкин екінші айналымда сүрінсе, Зарина Диас пен Елена Рыбакина тұсаукесер кездесулерінде ұтылды.