Спорт • 03 Қыркүйек, 2019

Шахмат: Қытайда қос күміс медаль алдық

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Вэйфан қаласында шахматтан 8,10 және 12 жастағы балалар арасында әлем біріншілігі өз мәресіне жетті.

Шахмат: Қытайда қос күміс медаль алдық

Айтулы жарыста Қазақстан құрамасы қос күміс медальді иеленді. 12 жасқа дейінгі қыздардың бәсекеде Алуа Нұрманова мен Галина Михеева 9,5 ұпайдан жиып, өзгелерлерден қара үзіп кетті. 8 жасқа дейінгі ұлдардың сайысында да дәл сондай жағдай қайталанды. 9 ұпайдан олжалаған Дінмұхамед Төлендинов пен Артем Лебедев жарыс кестесінде көш бастады.         Алайда қосымша көрсеткіштер бойынша бас жүлде Ресейден келген қос шахматшыға бұйырып, біздің өрендер күміс медальді қанағат тұтты. Сондай-ақ Райана Жұмағали (8 жасқа дейін) мен Эдгар Мамедовтің де (10 жасқа дейін) өнері көрермендердің көңілінен шықты. Олардың қолдары жүлдеге сәл ғана жетпеді. Райана төртінші орынға тұрақтаса, Эдгар бесінші сатыға табан тіреді.

- Әлем біріншілігіндегі шәкірттерімнің нәтижесіне көңілім толды. Алуа 88 спортшыдан озса, Дінмұхаммед 94 қарсыласын артқа тастады. Әрине, бұл өте жақсы көрсеткіш. Қазақстанның балғын шахматшылары алдағы уақытта да толағай табыстарға жетіп, өз жанкүйерлерін қуантады деген ойдамын, – дейді еліміздің балалар мен жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушысы, гроссмейстер Әнуар Исмағамбетов.