Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2019

Қазақстандағы жаңа кезеңнің жол картасы

407 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Қазақстанның жаңадан сайланған Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет пен халықтың байланысын нығайтуға бағытталған халыққа арналған манифест іспетті Жолдауында елдің келешектегі бағытын айқындап берді.

Қазақстандағы жаңа  кезеңнің жол картасы

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз еркімен президенттік мандатынан бас тартқаннан кейін биылғы 9 маусымда өткен сайлау­да екінші Мемлекет басшысы ретінде сайланған Қасым-Жомарт Тоқаев апта басында алғаш рет халыққа Жолдау жасады.

Қ.Тоқаев Қазақстанның жаңа кезең­де­­­­гі басымдықтары ретінде табыс­ты әділ бөлу, тәуелсіз сот жүйесі, тиімді бас­қа­ру, либералды демократия мен өткен шақтың  құндылықтарына негізделген жаңғыртуларды атап көрсетті.

Н.Назарбаевтың 1997 жылдан бергі халыққа арнаған жолдаулары мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылына негізделген маңызды манифест саналады. Бұл, сонымен қатар Елбасы атанған Н.Назарбаевтың жаңа кезеңге дайындаған маңызды көшбасшылық қасиеттерінің бірі. Осылайша азаматтар Президенттің көзқарасын түсінеді және қандай да бір бақылау рөліне ие болады. Жаңа Президент Қ.Тоқаев халыққа осындай саналы түрде үндеу тастады және елді бұған дейін басқарған Н.Назарбаев моделін жалғастыра беретінін көрсетті.

Жалпы, алдын ала дайындалған мақ­сат­тар мен тапсырмалар қордаланған көп­теген мәселелерді шешетіні белгілі. Тәуел­сіздік алғаннан бері елдегі пробле­малар мен шешімдердің куәсі болған Қ.Тоқаев экономикалық реформаларды сая­си және құқықтық реформалармен қатар жүргізу керектігін айтты. Жақында елде­гі демонстрацияларға тоқтала отырып, Қ.Тоқаев мұндай бейбіт және заңды әрекет­терге кедергі келтіруге болмайтынын, тіп­ті шерушілерге қолайлы жерлер берілу қа­жеттігін мәлімдеді. Тиісінше Қ.Тоқаев таяудағы болашақта елдің дамуын бес негізгі бағытта қарайтынын аң­­ғар­­­­дық. Олар: әділеттілік, тәуелсіз сот жүйе­­сі, тиімді басқару, либералды демо­кра­тияны ілгерілету және өткен шақ­тың құн­дылықтарына негізделген жаң­ғыр­тулар.

Аталған мақсаттар мен нұсқаулардың толық жиынтығы жаңа Президент Қ.Тоқаевтың ұлттық жүйені, ішкі тыныш­тықты сақтайтын және экономикасы үнемі өсіп келе жатқан ел туралы көз­қарасын білдіреді. Екінші жағынан, Түркия үшін Қазақстанның қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үлкен маңызға ие. Сондай-ақ мұның Түркияның болашақ бағдар тұрғысынан да мәні зор. Егер Қазақстан жаңа менеджмент моделімен өзінің табысын жалғастыра берсе, түркі әлемі, нақтырақ айтсақ, Түркі кеңесіне де оның тиімділігі артады.

Біздің елдегі ұшақ билетінің құ­ны ту­ра­лы мәселеге Қ.Тоқаев та тоқ­талды. Еуропалық маршруттармен са­лыс­тыр­ғанда 30 пайызға дейінгі айыр­ма­шылықты айтқан ол бұл жағдай Қа­зақстанның транзиттік тасымалына нұқсан келтіретінін жеткізді. Келешекте Қазақстанда ұшақ пен пойыз билеттерінің бағасы төмендеуі мүмкін. Президенттің халыққа Жолдауындағы маңызды мақ­саттарына алда тоқталамыз.

Барлық саладағы кешенді реформалар

Мемлекеттік басқаруды қолайлы ету, өнімділікті арттыру үшін мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы жасарады, ал мемлекеттік қызметкерлердің саны 2024 жылға қарай 25 пайызға қысқарады. Осы арқылы үнемделген қа­ра­­жат тиімді бас­қа қызметкерлерге бөлі­не­ді. Азаматтық қоғамға ба­ғытталған мем­лекет туралы түсінік ба­­сым болады. Атап айтқанда, бас­пана мәселесіне қа­тыс­ты шағымдар мен өті­ніш­­терге назар аударылмақ. Сондай-ақ егер жер­гілікті әкімдерге тұрғындардың бер­ген бағасы 30 пайыздан төмен болса, олар­ға қатысты шара қабылданады. Бар­лық мемлекеттік компаниялар жартылай мем­лекеттік компанияларға өтеді. Соны­мен қатар мұғалімдердің жалақысы көтеріледі.

Сот билігі тәуелсіздік және бейта­рап­тық қағидаттарына сәйкес әрекет етеді. Бұл тұрғыда Жоғарғы соттың шешімдерін тексеру әдісі басым болмақ. Қажетті қадамдар тез арада қабылданса, шетелдік инвестициялар да көбейе түседі.

Қазақ тілі мен түрік тілінің ортақ тұсы көп әрі этимологиялық тұрғыдан байланысы зор. Былтыр Н.Назарбаевтың нұсқауымен латын әліпбиіне көшу туралы шешім қабылдануының осы тұрғыда маңызы зор. Жаңа Президент Қ.Тоқаев бұл қадамды одан әрі жалғастыра бермек. Енді қазақстандық диалог пен жа­рия­ланымдар халықаралық және дипло­матиялық қатынастарда көбірек байқа­лады. Бұл жағдай елдегі қазақ тілінің қолдану аясын кеңейте түседі.

Қазақстанның әскери жүйесінде кей­бір проблемалар бар екенін айта келе, Қ.Тоқаев әскери қызметті ынталандыру үшін әрі заманауи және тиімді армия құру үшін қаржылық қолдаудың ұлғаятынын айтты. Қазақстанда шамамен 18 миллион адам бар және әскери қызметкерлердің саны 250 мыңға жуықтайды. Сонымен қатар полиция санында төтенше реформалар жасалады. Қауіпсіздіктің тағы бір мәселесі – жерді шетелдіктерге сату. Қ.Тоқаев елде жиі талқыланатын бұл мәселе бойынша нақты айтты: жер шетелдіктерге сатылмайды.

Қ.Тоқаев шағын және орта бизнесті қолдау үшін бағдарлама дайындалғанын жеткізді. 2020 жылдан бастап микро және шағын бизнес табысқа салынатын 3 жылға са­лықтан босатылады. Мемлекеттік қол­дау жүйесі орнатылып, аталған ком­па­нияларға қысым жасау қылмыс болып саналады. Бір жағынан бұл тәжірибе мемлекеттік бюрократияның шағын және орта бизнесті жеке ресурс ретінде көруіне жол бермеуге бағытталған.

Пайдаланылмай жатқан жерлер оны қолдануға қабілетті тұрғындарға жал­ға беріледі. Барлық егістік жерлер түген­делетін болады. «Ауыл – ел бесігі» бағ­дарламасы бойынша пайдаланыла­тын қаражат үш есеге артып, олар инфра­құ­рылымға, мектептер мен ауруханаларға жұмсалады. Ауылшаруашылық өндірісін 4,5 есе арттыру үшін суармалы жерлердің саны 4 есеге артпақ.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Қ.Тоқаевтың сайлау алдындағы бағ­дар­­ламасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес маңызды орын алады. Қ.Тоқаев бұл мәселені өзінің алғашқы ха­­лыққа Жол­дау­ында көтеріп, кінәсіздік пре­­зумпция­сын жоғары басқару органдары қай­та анықтайтынын және сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы институттардағы проб­лемалар дереу жойылатынын мәлім­де­ді.

Қ.Тоқаев зейнеткерлерге арналған арна­йы жеңілдіктер жүзеге асатынын мә­лімдеді. Тиісінше зейнетақы қорында жи­налған қаражатының бір бөлігін белгілі мақсатта қолдана алады; мысалы, үйсіз адам үй сатып алса немесе білім алу мақ­сатында пайдаланса болады. Тағы да, осы шеңберде міндетті зейнетақы сақтандыруының 5 пайызын төлеу 2023 жылға дейін шегеріледі. Сонымен қатар міндетті медициналық сақтандыру жүйесі 1 қаңтардан бастап енгізіледі.

Қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау

Қазақстан – түрлі этнос өкілдері өмір сүретін ел. Тұңғыш Президент Н.Назарбаев ұлт мәселесіне үлкен мән бергенімен, ол әрқашан осы шеңбердегі еркіндік аймақтарын сақтап қалуға тырысты. Қ.Тоқаев елдің бірлігін маңызды деп санайды. Осы мақсатта ол әлеуметтік көмек жүйесінің күшейтілуіне маңыз бермек. 1,7 миллион адам әлі де әлеуметтік көмек алуда. Қ.Тоқаев қызметке кіріскен кезде осындай шешім қабылдап, табысы төмен топтардың қарызын кешіруді тапсырды.

Аталған мақсаттар жаңа Президент Қ.Тоқаевтың біртұтас мемлекеттік жүйені, ішкі тыныштықты сақтайтын және экономикасы үнемі өсіп келе жатқан елді алға жетелейтінін көрсетті.

Куршад ЗОРЛУ,
«Anadoly Agency»

Аударған Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,

«Egemen Qazaqstan»