Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2019

Мақсат Жабағин: Ұлттың дамуы ғылымның дамуына тәуелді

882 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның екінші Президенті ретіндегі алғашқы Жолдауында ғылымдағы жағдайды назардан тыс қалдырмады және аса маңызды мәселені көтерді.

Мақсат Жабағин: Ұлттың дамуы ғылымның дамуына тәуелді

Ғылымға бөлінген қаражат қанша­лық­ты ұтымды және тиімді пайдаланылады? Қазақстандағы ғылымның даму қарқыны қандай?

Өткенге көз жүгіртсек, Білім және ғылым министрлігінің 2015-2017 жылдары бөлінген гранттардың нәтижесінде бір ғылыми мақаланың құны 100 млн теңгені құрады. Яғни, орташа есеппен бюджеттен қаржыландырылған барлық жобалардың арасынан тек әрбір үшінші жоба ғана жоғары сапалы халықаралық журналдарда бір мақала жариялауға жарады. Бұл дамушы елдерге қарағанда, орташа есеппен 20 есе қымбат немесе жалпы құны 20 миллиард теңгені құрайтын, бірақ нәтижесінде коммерциялық кірісі тек 400 миллион теңге жинаған Ғылым қорының жобалары естеріңізде болар. Сол коммерциялық жобалардың аясында құрылған компаниялардың қаншасы әрі қарай өз бетімен нарықта қалады? Ғылым қорының жүргізген жұмыстары бүгінде көптеген сұрақ тудырып отыр, жемқорлық жайы тағы бар. Сондықтан оның мақсаты мен жұмысын қайта қарау қажет. Міне, осы түйткілдерді ескерген Президент Үкіметке ғылыми зерттеулердің сапасын арттырып, ондағы жаңалықтың тәжірибеде қолданылуына қатысты нақты шешімдер қабылдауды тапсырды.

Мемлекет басшысы ұлттың да­муын қамтамасыз ету үшін ғылымды дамыту керек екендігін дәл атап өтті. Бұл Президенттің бұған дейін айтып кеткен білім мен ғылымды қаржыландыруды ІЖӨ-ден 5 пайызға дейін ұлғайту туралы нұсқауы жаңа 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада ескері­ліп, мәселелердің өз шешімі табылып, отандық ғылымның инновациялық сапасы жоғарылайтынына сенім сыйлайды.

Мақсат ЖАБАҒИН,

Білім және ғылым министрлігінің жанындағы  Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы