Президент • 05 Қыркүйек, 2019

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Атырау облысына барды

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

 

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Атырау облысына барды

«Мемлекет басшысы облыстың мұнай сервистік кәсіпорындарының біріне барып, Қазақстанның мұнай-газ саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңес өткізеді. Сапар бағдарламасына сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысуы жоспарланған», деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.