Спорт • 06 Қыркүйек, 2019

Мәре сызығын тоғызыншы болып кесті

532 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Испания Вуэльтасы» велокөп­күндігінің кезекті 11-ші кезеңі 180 шақырымдық Сен-Пале – Урдакс-Данчаринеа аралығын жалғады. Бұл кезеңде пелотоннан қара үзіп кеткен топ өзара жеңімпазды анықтады.

Мәре сызығын тоғызыншы болып кесті

Пелотоннан бөлініп шыққан 13 вело­шабандоздың арасында «Астана» велоко­мандасының өкілі Горка Исагирре де болды. Мәре сызығына 30 шақырым қалғанда испаниялық спортшы Микель Итуррия (Euskadi – Murias) шабуылға шықты. Жарыс соңына дейін басымдығын сақтап, кезең жеңімпазы атанды. Ал Горка Исагирре Итур­риядан 12-секунд артта қалып, бәсекені 9-орынмен аяқтаса, «Астананың» капитаны Мигель Анхель Лопес мәреге негізгі топпен бір­ге жетті.

Жалпы, кезеңнің қорытындысы бойынша, словениялық велошабандоз Примож Роглич (Lotto NL-Jumbo) көш бастап келеді. Екінші орында Рогличтен 1 минут 52 секунд артта қалып қойған Алехандро Вальверде (Movistar) орна­ласса, «Астана» өкілі Мигель Анхель Ло­пес (+2,11) үздік үштікті қорытындылап тұр.