Спорт • 06 Қыркүйек, 2019

Хоккей: «Барыс» «Амурды» ұтты

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты біріншілігінің екінші турында Нұр-Сұлтанның «Барысы» Хабаровскінің «Амурын» қабылдады.

Хоккей: «Барыс» «Амурды» ұтты

Бұл бәсекеде алғашқы шайбаны «Амурдың» ойыншылары салды. Бірінші кезеңнің аяқталуына екі минуттай уақыт қалғанда Томаш Зогорна есеп ашты. Үзілістен кейін көрермендер қақпаға соғылған керемет үш голдың куәсі болды. Айдын иелері сапынан Антон Сагадеев пен Алексей Маклюков және қонақтар сапынан Игорь Руденков нысананы дәл көздеді. Ал үшінші кезең бел ортаға таяғанда Корбэн Найт мергендік танытып, «Барысқа» жеңіс сыйлады. Есеп – 3:2.

Енді «Барыс» алдағы төрт бірдей кездесуін сыртта өткізеді. Оның алғашқысы Қытайда өтеді. 8 қыркүйекте сол елдің «Куньлунь Ред Стар» клубымен күш сынасамыз.