Спорт • 06 Қыркүйек, 2019

Хоккей: «Барыс» сырттағы ойындарды қандай құрамда өткізеді

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) тұсаукесер бәсекесінде ұтылып, келесі кездесуде жеңіске жеткен Нұр-Сұлтанның «Барысы» енді алдағы төрт ойынын сыртта өткізеді.

Хоккей: «Барыс» сырттағы ойындарды қандай құрамда өткізеді

Таяу күндері Қытайға сапар шегіп, қатарынан екі матчты жергілікті «Куньлунь» клубына қарсы өткіземіз. Бұл кездесулердің 8 және 9 қыркүйекте тамашалай аласыздар. Одан кейінгі бағытымыз – Қиыр Шығыс. 11 қыркүйекте Хабаровскінің «Амуры» және 13 қыркүйекте Владивостоктың «Адмиралымен» күш сынасамыз. Сол Қытай мен Қиыр Шығыста өтетін бәсекелерде «Барыстың» мына ойыншылары мұз айдынына шығады.

Қақпашылар ­– Хенрик Карлссон, Эдди Паскуале, Денис Каратаев.

Қорғаушылар – Джесси Блэкер, Даррен Диц, Алексей Маклюков, Леонид Метальников, Валерий Орехов, Кирилл Полохов, Виктор Сведберг, Максим Семенов, Егор Шалапов.

Шабуылшылар – Павел Акользин,  Дастин Бойд, Кертис Волк, Никита Михайлис, Батырлан Мұратов, Корбэн Найт, Ииро Пакаринен, Кирилл Панюков, Егор Петухов, Антон Сағадеев, Роман Старченко, Эрик Тангрэйди, Адам Хелука, Дмитрий Шевченко және Аркадий Шестаков.