Үкімет • 08 Қыркүйек, 2019

Асқар Мамин Дмитрий Медведевпен кездесті

170 реткөрсетілді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Мәскеуге жұмыс сапары аясында РФ Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесу өткізді.   Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Екі елдің Премьер-Министрлері стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелері мен сауда-экономикалық, инвестициялық және аймақаралық ынтымақтастықты одан әрі арттыру келешегін талқылады.

Асқар Мамин сонымен қатар «Ресей тікелей инвестициялар қоры» бас директоры К. Дмитриевпен, «Сыртқы экономикалық банк» басқарма төрағасы И. Шуваловпен, «Ресей темір жолдары» ААҚ басшысы О. Белозеровпен және «Росгеология» холдингінің басшысы С. Горьковпен жекелеген келіссөздер жүргізді. Инвестициялық ынтымақтастықты арттыру, бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, электронды коммерция нарығын дамыту және ЕАЭО аясындағы өзара іс-қимыл әлеуеті талқыланды.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың делегациясы құрамында Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіндегі «Қазақстан» қайта жөнделген павильонының ашылу салтанатына қатысты.  

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Қанат Әбілқайыр

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Арман Әлменбет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 2

Руханият • Кеше

Баянғали туралы баян

Руханият • Кеше

Жаңа аялдамаға жаны қас

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар