Құрылысшылар 259 жаңа үй тұрғызды, оның 136-да әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Тұрғын үйді жөндеу Арыстың 11 секторында, ал жаңа үйлердің құрылысы 8 секторда аяқталды. Сонымен қатар, құрылыс алаңдарында 4,2 мың жұмысшы еңбек етуде.
Бүгінгі таңда әскери полигонда жарылыстан зардап шеккен 68 әлеуметтік нысанның 62-і қалпына келтірілді. сондай-ақ Құрылысшылар 322 бизнес-нысанды пайдалануға тапсырды.
Қаланы қалпына келтіру 20 қыркүйекке дейін жалғасады.