Спорт • 10 Қыркүйек, 2019

Алғашқы қарсыластар анықталды

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жексенбі күні Екатеринбургте (Ресей) бокстан әлем чемпионатының жеребесі тартылды. Жеребе қорытындысы бойын­ша боксшыларымыздың алғашқы қарсыластары анықталды.

Алғашқы қарсыластар анықталды

Қазақстандық боксшылар арасынан әлем біріншілігін 81 кило салмақтағы Бекзат Нұрдәулетов бастайды. Ертең ол алғашқы іріктеу жекпе-жегінде оңтүстіккореялық Хонг Ингимен жұдырықтасады. 12 қыр­күйекте 63 килодағы Закир Сафиуллин әзербайжандық Бахтияр Газибековпен күш сынасады. Ал 14 қыркүйекте Сәкен Бибосынов (52 кг) пен Тұрсынбай Құлахмет (75 кг) шаршы алаңға көтеріледі. Бибосынов моңғолиялық Харху Энхимандахпен, Құлахмет Милос Бартл (Чехия)\ Ми­хаил Остроумов (Израиль) жұбының жеңім­пазымен кездеседі.

2017 жылғы әлем чемпионы Қайрат Ералиев (57 кг) 15 қыркүйекте алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Ол Шарафа Раман (Германия) \ Йоэль Сегундо Финоль Ривас (Венесуэла) жұбының жеңімпазымен қолғап түйістіреді. Сондай-ақ осы күні Василий Левит (91 кг) Сандагсурен Ергембаяр (Моңғолия) \ Дэвид Мишалек (Словакия) жұбының жеңімпазымен шаршы алаңға шығады. Абылайхан Жүсіпов (69 кг) 16 қыркүйекте Вуттичай Масук (Таиланд) \ Долголевец Евгений (Беларусь) жұбының, Қамшыбек Қоңқабаев (+91 кг) Гадфа Дрисси (Испания) \ Белберов Петар Руменов (Бол­гария) жұбының жеңімпазымен кездеседі.