Спорт • 10 Қыркүйек, 2019

US Open турнирі өз мәресіне жетті

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында теннистен «Үлкен дулыға» санатындағы US Open (АҚШ ашық біріншілігі) турнирі өз мәресіне жетті. Финалда испаниялық Рафаэль Надаль мен ресейлік Даниил Медведев бақ сынап, испаниялық теннисші басым түсті.

US Open турнирі өз мәресіне жетті

Турнирді бесінші нөмірмен бастаған Медведев финалда Надальдан 5:7, 3:6, 7:5, 6:4, 4:6 есебімен жеңіліп қалды. Бес сағатқа созылған кездесудің төртінші сетінде есеп 2:2 болып тұрған. Шешуші сетте Надаль тәжірибесінің арқасында ресейлік спортшыдан басым түсті. Екі теннисші бұған дейін екі рет кездесіп, екеуінде де Надальдің мерейі үстем болды.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған 33 жастағы Надаль US Open турнирін осымен төртінші рет жеңіп отыр. Сондай-ақ ол Roland Garros бәсекесінде 12 рет, Уимблдон жарысында екі рет және Аустралия ашық чемпионатында бір рет топ жарған.