Мүшәйраның мақсаты: Қасым Аманжолов мұрасын насихаттай отырып, поэзияның дамуына ықпал ету, жас ақындардың шығармашылығына қолдау көрсету және еркін елдің кенен тарихы мен жарқын жетістіктерін қара өлеңнің құдіреті арқылы дәріптеу.
Шарттары:
- мүшәйраға 18-40 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады;
- қамтылатын тақырыптарына қарай Қасым Аманжоловқа, Әбіш Кекілбаевқа арнау және еркін тақырыпта – барлығы 3 өлең ұсынылуы тиіс;
- әр поэзиялық шығарманың көлемі 100 жолдан аспауы керек;
- шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында (14 кегльде (шрифт), жоларасы 1 интервал, Times New Roman қарпімен) жіберілуі қажет;
- жинақтарда, мерзімді басылымдарда, сайттарда, әлеуметтік желілерде жарияланған, басқа байқауларға ұсынылған және талапқа сай келмейтін шығармалар қабылданбайды;
- қабылданған шығармаларға пікір берілмейді;
- қазылар алқасының іріктеуінен өткен үміткерлер қорытынды шараға қатысады.
Үміткерлердің шығармаларын бағалау кезінде:
- ұсынылған шығармалар тақырыбының байқау мақсатына сәйкестігіне;
- шығарманың идеялық мазмұнына;
- туындының көркемдік сапасына;
- автордың сөз саптау мәнері, стильдік ерекшелігіне назар аударылады.
Барлық келіп түскен шығармаларды байқаудың қазылар алқасы қарап, талдау жасайды және бағалайды.
Мүшәйраның жүлде қоры:
Бас жүлде – 500 000 (бес жүз мың) теңге!
Мүшәйраның жеңімпазы мен жүлдегерлері дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Мүшәйраға қатысу үшін үміткердің тапсырыстары (жеке куәлігінің көшірмесімен қоса кестеге сәйкес аты-жөні, жұмыс немесе оқу орны, байланыс телефондары) және шығармалары 13 қыркүйекке дейін mushayra.kasym@mail.ru электронды мекенжайы бойынша қабылданады.
Анықтама телефоны: 8 (7212) 56-74-76, 8-778-355-21-80