Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2019

Елбасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинмен кездесті

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кездесу барысында Мәжіліс Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Парламент Мәжілісіндегі Nur Otan партиясы фракциясының ағымдағы қызметі мен жұмыс жоспарлары туралы баяндады. Бұл туралы Elbasy.kz хабарлады.

Елбасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинмен кездесті

- Қазіргі уақытта Мәжілістің қарауында 45 заң жобасы бар. Барлық 3 фракция жұмысқа кірісті. Біздің фракцияның алдына берілген тапсырмалардың, сайлауалды бағдарламаның және «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының жүзеге асырылуына сапалы бақылау жүргізу бойынша міндеттер қойылды, - деді Нұрлан Нығматулин.

Сонымен қатар, Елбасыға Еуропа және Азия елдері Парламенттері спикерлерінің кеңесіне дайындық туралы айтты.

- 23-24 қыркүйекте спикерлер Кеңесіне әлемнің 65 елінен келген делегаттар қатысады. Елімізде осындай жоғары деңгейдегі парламенттік іс-шара соңғы 20 жылда алғаш рет өткізіліп отыр. Биылғы жылы Еуропа мен Азия елдері Парламенттері спикерлерінің кеңесі Еуразиялық идеяның 25 жылдығына арналған, - деді Парламент Мәжілісінің Төрағасы.