Парламент Мәжілісінің депутаты, Nur Otan Фракциясының мүшесі Бақытбек Смағұл Нұр-Сұлтан қаласындағы көрнекті көшелердің біріне Жошы хан есімін беруді ұсынды.

Бақытбек Смағұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған экотуризм мен этнотуризмді дамытуға экономиканың маңызды саласы ретінде баса мән беру туралы міндет қойғанын тілек тиек етіп, қоғам өкілдері мен журналистер тарапынан Жошы хан есімін ұлықтау жөнінде мәселе көтеріліп жатқанын айтты. Ол елеулілердің бірі ретінде «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінде жарияланған Дархан Қыдырәлінің «Ұлық ұлыстың атасы» мақаласын атап өтті.
«2015 жылы Қазақстанда Елбасының бастамасы бойынша Қазақ хандығының 550 жылдығы кең ауқымда атап өтілді. Бұл – қазақ мемлекеттілігінің бастауы болса, ал Жошы ұлысы мен Алтын орда – қазақ ұлтының қалыптасуында шешуші рөл атқарды. Қазақ хандарының Ұлы Атасы саналатын Жошы ханға және Ұлық ұлысымыз болып есептелетін Алтын ордаға лайықты құрмет көрсету – біздің қасиетті парызымыз» деді Бақытбек Смағұл.
Бұдан соң депутат Үкімет басшысы Асқар Маминге Нұр-Сұлтан қаласындағы көрнекті көшелердің біріне Жошы хан есімін беруді және ол көше бойына ұлық ұлыс ханының еңселі ескерткішін орнатуды, сондай-ақ, Жезқазғанның солтүстік-шығысында 50 шақырымдай жердегі Жошы хан кесенесі жанынан ескерткіш-белгі тұрғызуды ұсынды.
«Жезқазғанның солтүстік-шығысында 50 шақырымдай жердегі Жошы хан кесенесі – Шыңғыс хан мен оның әулетінен жер бетінде қалған жалғыз белгі. Сондықтан оның жанынан бұл мазардың дүниежүзі тарихын өзгерткен дара тұлғаға тиесілі екенін алыстан әйгілеп тұрар айбынды ескерткіш-белгі тұрғызу маңызды. Шыңғыс ханның үлкен ұлына арналған тарихи кешен тек Шығыс елдері үшін ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлемдегі саяхатшылар мен зерттеушілер үшін зор қызығушылық тудырып, туристік тартымды орынға айналары сөзсіз» деді ол.
Бұдан әрі депутат Алтын орданың 750 жылдығы аясында Жошы хан, Алаша хан кесенелеріне кешенді түрде археологиялық, этнографиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуді, отандық және шетелдік білгір ғалымдардың қатысуымен бірлескен экспедициялар мен халықаралық конференциялар ұйымдастыруды және зерттеу жұмыстарын әртүрлі тілдерде шетелдік ақпарат құралдарында жариялауды ұсынды. Оның айтуынша, Ұлы Дала елінің қойнауында тұнған адамзат құпиясын жаһанға насихаттау арқылы Қазақстанның әлемдегі бедел-имиджі нығаяды.
Сонымен қатар Бақытбек Смағұл Жошы хан кесенесін келешекте ЮНЕСКО-ның «Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне» енгізу керек екенін айтты.
«ХІІІ ғасырдың ескерткіші және планетамыздағы Шыңғыс хан әулетінен қалған жалғыз белгі ретінде Жошы хан кесенесін келешекте ЮНЕСКО-ның «Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне» енгізу жолдарын қарастырған жөн. Себебі, халықаралық беделді туристік операторлар, жеке саяхатшылар сапарын жоспарлағанда, көбіне ЮНЕСКО тізіміне енген ескерткіштерге қарап, бағыт-бағдар түзеді. Қазақ хандарының ұлық бабасы Жошы ханды ұлықтау – халқымыздың ұлт рухының ұлы бастауларынан қуат алуына жол салу деген сөз» деді ол.
Орал қаласында әуе рейстері қайта іске қосылады
Қоғам • Кеше
«Қайрат» Қазақстан кубогының ширек финалына жолдама алды
Футбол • Кеше
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Атырау облысында жол апатынан бір адам көз жұмды
Оқиға • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарында қола жүлде жеңіп алды
Ауыр атлетика • Кеше
Ақтөбе облысында Pfizer вакцинасы таусылды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда такси жүргізушісінен 10 келі есірткі тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Оралда тұрғын үй ауласынан есірткі зертханасы табылды
Аймақтар • Кеше
Абай облысы Қаржы басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы елордадағы құрылыс нысандарын тексерді
Үкімет • Кеше
Йеменде су тасқынынан 77 адам қаза тапты
Әлем • Кеше
Таразда Қонаев ескерткіші бой көтерді
Аймақтар • Кеше
Қызылордада сексеуілді заңсыз кескен тұрғын ұсталды
Қоғам • Кеше
Зүлфия Чиншанло Ислам ойындарында алтын медаль еншіледі
Ауыр атлетика • Кеше
Қазақстанда қанша адам вакцина алды
Коронавирус • Кеше
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Кеше
2133 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Кеше
Елімізде 1452 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды
Ауыр атлетика • 12 Тамыз, 2022
Елордадағы айналма жолдан атыс қарулары табылды
Оқиға • 12 Тамыз, 2022
Жансель Дениз Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды
Спорт • 12 Тамыз, 2022
Алматы облысында 1 жасар баланы автобус басып кетті
Оқиға • 12 Тамыз, 2022
Елордада көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • 12 Тамыз, 2022
ИИДМ басшысы құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Қазақстан • 12 Тамыз, 2022
«Жер аманаты» комиссиясының «жедел желісіне» мыңға жуық өтініш түсті
Қазақстан • 12 Тамыз, 2022
Дархан Қыдырәлі Мажарстан Парламентінің арнайы сессиясына қатысты
Әлем • 12 Тамыз, 2022
Кристина Овчинникова Түркиядағы Ислам ойындарында қола иеленді
Жеңіл атлетика • 12 Тамыз, 2022
Атырау облысының Қызылқоға ауданына жаңа әкім келді
Тағайындау • 12 Тамыз, 2022
Мемлекет басшысы ҰҚК төрағасын қабылады
Президент • 12 Тамыз, 2022
Елордада Ш.Құдайбердіұлы көшесіндегі учаске жабылады
Елорда • 12 Тамыз, 2022
Қазақстанда тұңғыш рет кибер құқық мектебі ашылады
Қоғам • 12 Тамыз, 2022
Елордада «Азия жаңғырығы» фестивалі басталды
Қоғам • 12 Тамыз, 2022
Ұқсас жаңалықтар