Спорт • 11 Қыркүйек, 2019

Шахмат: Азия чемпионатының алғашқы жеңімпаздары белгілі болды

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда ардагерлер арасында шахматтан өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдері белгілі болды.

Шахмат: Азия чемпионатының алғашқы жеңімпаздары белгілі болды

Рапид сайысында 50 жастан асқан ерлер арасында Серікбай Темірбаев топ жарса, екінші және үшінші орындарды Олег Головчук пен Валерий Мин иеленді. Әйелдер бәсекесінде Елена Анкудинова алдына жан салмады. Бұл ойыншылардың барлығы да – Қазақстаннан. Ал күміс медальді Жаңа Зеландиядан келген Хелен Миллиган мойнына ілді

65 жастан асқан шахматшылардың жарысында да барлық жүлде өз жерлестерімізге бұйырды: Төлеген Нукин – алтын.  Марат Прімбетов – күміс және Ханиф Құсайынов ­– қола. Ал әйелдер тартысы Надежда Искичекованың жеңісімен аяқталды.

Cөйтіп, Азия чемпионатының алғашқы жарыс күні Қазақстан құрамасы мол олжаға кенеліп, өз көрермендерін қуантты. Кеше классикалық шахматтан бәсекелер басталды. Одан кейін блицтен сайыстар өтеді. Ал бұл дүбірлі дода 18 қыркүйекте өз мәресіне жетеді.