Қоғам • 12 Қыркүйек, 2019

Соңғы алты жылда жасөспірімдер қылмысы 6 пайызға төмендеді - ІІМ

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев және Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев брифинг өткізді.

Соңғы алты жылда жасөспірімдер қылмысы 6 пайызға төмендеді - ІІМ

Спикерлердің айтуынша құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында білім беру ұйымдарына «мектеп» полиция инспекторларын бекіту бойынша жұмыс жүргізілген. Олардың штаттық саны 2 мыңнан асқан. Бүгінде «мектеп» полицейлері оқушылар мен олардың ата-аналарымен құқық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, моральдық ахуалды зерттеп, кәмелетке толмағандар арасындағы жанжалдарды оқшаулау бойынша шаралар қабылдайды.

Мектеп иннспекторлары жыл сайын оқудан қашқан, ата-аналары оларға тиісті тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етпейтін 1,5 мыңнан астам жасөспірімді анықтаған. Нәтижесінде, соңғы алты жылда жасөспірімдер қылмысының жыл сайын орташа есеппен 6 % - ға төмендеген.

«Егер 2013 жылы кәмелетке толмағандар 4 275 қылмыс жасаса, 2018 жылы бұл көрсеткіш үштен бірге, 2 939 қылмысқа дейін төмендеді. Биылғы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша жасөспірімдер жасаған құқық бұзушылықтар 9 %-ды құрады, оның ішінде оқушылар 2 %-ға азайды»,-  деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.