Спорт • 13 Қыркүйек, 2019

«Астана» - «Манчестер Юнайтед» ойынының билет құны белгілі болды

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана» футбол клубы Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі «Астана Аренада» өтетін кездесулердің билет бағасын жариялады.

«Астана» - «Манчестер Юнайтед» ойынының билет құны белгілі болды

Клубтың ресми сайтының хабарлауынша, билеттер құны екі санатқа бөлінген. Бірінші санаттағы «Манчестер Юнайтедке» қарсы өтетін ойынның билет құны орын санатына байланысты 4 мың мен 55 000 теңге аралығында болмақ. Ал АЗ бен «Партизанға» қарсы ойындар – екінші санат. Олардың құны 1500-12000 теңге аралығында. Бұл ойындардың билеті кездесу басталуына аз уақыт қалғанда сатылымға шығады.

Сондай-ақ үш ойынға бір билет, яғни абонемент сатып алуға да болады. Бірінші санаттағы абонемент бағасы – 65 000, екінші санат – 50 000, үшінші санат – 30 000, төртінші санат – 20 000 және бесінші санат – 13 000 теңге. Еске сала кетейік, елорда командасы 3 қазанда «Партизан», 7 қарашада «АЗ Алкмар» және 28 қарашада «Манчестер Юнайтед» клубын өз алаңында қабылдайды.