20 Наурыз, 2010

ЖАЙЛЫ ПОЙЫЗДАР ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

688 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Тұрғындардың жолаушылар тасымалына деген талабын орын­дауды мақсат еткен “ҚТЖ” ҰК” акционерлік қоғамының бас­шы­лығы Наурыз мейрамы қарсаңында өте жайлы (1,2,3-класты) аптасына екі рет (жұма, жексенбі) қаты­най­тын Астана-Павлодар бағытын­дағы № 802/801 жаңа электр­пойы­зын жолға шығарды. Аталмыш пойыз­дың іске қосылуы Астана мен Павлодарға дейінгі аралықтағы уақытты жартысына дейін азайтады. Сол сияқты қала маңына қаты­найтын № 805/806 Астана-Көк­ше­тау және № 807/808 Астана-Бу­рабай курорты пойызын өте жайлы жаңа электрпойызы ауыстырмақ. Жаңа құрам жұмсақ та ыңғайлы орындықтармен, жиналмалы үстел­дер­мен және қауіпсіздік жүйе­ле­рімен жабдықталған. 1 және 2-класты вагондарда теледидар көруге мүмкіндік бар, тамақтанатын вагон бөлінген. Ал машинистің кабинасы автоматтандырылған жүйемен  басқарылады. Электрпойыздың сыйымдылығы 650 жолаушы. Сонымен қатар осы күні Астана стан­сасына аптасына екі рет жү­ре­тін Астана-Алматы-2 бағытындағы №36/35 жолаушылар пойызы мен күнде қатынайтын Ақтөбе-Алматы-2 бағытындағы № 34/33 жолау­шы­лар пойызының төртінші құрамы қосымша енгізілді. Жолға шыққан вагондардың барлығы да өте жайлылығымен  ерекшеленеді. Вагон­дар үш типке (СВ, купе, плацкарт) бөлінеді. Сол сияқты құрамда вагон-мейрамхана, жүк вагоны бар. Астанада өткен шараға “ҚТЖ” АҚ президенті А.Мамин, “Жолау­шылар тасымалы” АҚ президенті Б.Дәрімбетовтер қатысып, жол­серіктер мен жолаушыларға ақжол тіледі. “Егемен-ақпарат”.