Қоғам • 16 Қыркүйек, 2019

М. Бекетаев қоғам белсенділерін министрлік жүзеге асырған жобаға қатысуға шақырды

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әділет министрі Марат Бекетаев өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында ведомстваның жүзеге асырып жатқан жобасына қоғам белсенділерін қатысуға шақырды

М. Бекетаев қоғам белсенділерін министрлік жүзеге асырған жобаға қатысуға шақырды

«Бүгінде танымал тұлғалар мен блогерлер қатысқан  бейнероликтер көп қаралым жинайтыны ешкімге жасырын емес. Сол себепті, осы жобамызға есімдері көпшілікке таныс азаматтарды қатыстырып, сіз іздеген жауаптарды ғаламтор желісінде қолжетімді еткіміз келді. Бұл роликтердің басты  ерекшелігі - орын алған барлық жағдай өмірден алынған. Кейіпкерлер өз жұмыстарында әртүрлі жағдайларға кездесіп, оларды шешу жолында құқықтық сауаттылықтарын кеңейтуді қажет деп тапты. Парақшамды пайдаланып, еліміздің қоғам қайраткерлерін, блогерлер мен жұлдыздарды жобаға қатысуға шақырғым келеді. Ведомствоның жұмысымен егжей-тегжейлі танысып, күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешіп,  аудиторияға қажетті құқықтық ақпаратты қоғамға жеткізу мүмкіндігіне ие боласыз. Айта кетейін, біздің шығармашылық топ әрқашан Сіздің ұсынысыңызды қарастыруға дайын»,- деді министр Марат Бекетаев.

Бұл жоба xалықтың құқықтық сауаттылығын көтеруге бағытталған.