20 Наурыз, 2010

ҚАЙҒЫ БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ

722 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қызылағаш ауылындағы қай­ғы­лы оқиға Қызылжар өңірінің тұр­ғын­дарының да қабырғасын қатты қайыстырды. Солтүс­тік­қаза­қ­стан­дықтар  Елбасы мен Үкіметтің  ауыр апаттан  зардап шегушілер мен қаза тапқандардың отба­сы­ла­рына жәрдем қолын созу туралы шақыруын бір кісідей қабылдап, үлкен қолдау көрсетуде. Мате­риал­дық көмек жасау жөніндегі облыс әкімі Серік Біләловтің үндеуіне бірінші болып дәрігерлер мен мұ­ғалімдер үн қатып,  арнайы ашыл­ған есеп-шотқа бір күндік ең­бекақыларын аударды. Күн өткен сайын оларды қолдаушылардың қатары  көбейе түсуде. “Нұр Отан” ХДП облыстық ұйымының ұйымдастыруымен азық-түліктер мен киім-кешектер тиелген үш жүк көлігі қайғылы оқиға орын алған жерге аттанып кетті. Тимирязев ауданының жеке кәсіпкері И.Аллахяров 20 тонна ұн жөнелткенін, Петропавл нан-тоқаш комбинатының директоры А.Еңсе­генов  бір күндік еңбекақыларын аударуға шешім қабылдағандарын хабарлады.  Аймақ басшысы сол­түс­тік­қазақстандықтар тарапы­нан  материалдық көмектің жал­ға­са­тынын, 50 миллион теңгенің ар­нау­лы қайырымдылық есепшотқа түскенін жеткізді. Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы.