Үкімет • 17 Қыркүйек, 2019

Үкіметте Жамбыл облысының жеке қосалқы шаруашылықтарын қолдау бойынша пилоттық жоба талқыланды

55 реткөрсетілді

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында ауылдарда жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдау арқылы Жамбыл облысының тұрғындарының табысын арттыру бойынша пилоттық жобаны іске асыру жолдары қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған пилоттық жоба бойынша тапсырмаларын іске асыру тетігін әзірлеу бойынша атқарылған жұмыстар туралы Жамбыл облысының әкімі А. Мырзахметов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Р. Құрманов, сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасары Б. Сапарбаев баяндады. 

Жоба  өсімдік шаруашылығы, мал және құс шаруашылығын дамыту үшін үй іргесіндегі телімдерді тиімді пайдалану, сондай-ақ елді мекендерден тыс жерлерде әр ауыл тұрғынына тиесілі жер ресурстарын тиімді пайдалану және әр ауылдық округте қажетті техника, құрал-жабдықтармен және айналым қаражаттарымен кооператив құру бағыттары бойынша мемлекеттік қолдау шараларын қарастырады.

Пилоттық жобаны іске асыруға 2020 жылдың соңына дейін игеру кезеңімен шамамен 46,4 млрд теңге қажет. Биыл бастапқы кезеңде облыстың 10 ауданының 10 ауылдық округіне 7,2 млрд теңге қажет, оларды 2459 шағын несие беруге, оның ішінде 492 стартап-жобаға беруге бағыттау көзделген. Шағын несиелерді ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда соңғы қарыз алушыға жылдық 2,5% және 7 жылдан аспайтын мерзімге беру жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы министрлігі «Еңбек» Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында  0,01% мөлшерлемемен облыс әкімдігіне бюджеттік несие беруді ұсынады. Әкімдік, өз кезегінде, сенімді агентті тартумен халыққа одан әрі несие беруді жүзеге асырады. Бұл ретте «Тараз» ӘКК сенімді агент ретінде әрекет етеді және соңғы қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі 2,5% құрайды.

«Өздеріңіз білесіздер, біздің алдымызда қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру, өмір сапасын жақсарту міндеті тұр. Азаматтарға өздерінің кәсіпкерлік бастамаларын іске асыруға, несиелерді оңай алуға, отбасылық бизнес жүргізуге барлық мүмкіндіктерді жасауымыз қажет. Шағын несие беру жай ғана аз пайызбен ақша тарату болмауы керек.  Жобаны іске асыру кезінде қарыз ақшаны қайтаруға қатаң бақылау болуы қажет», деді А. Мамин.   

Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне қыркүйек айының соңына дейін пилоттық жобаны іске асыру тетігін қарауға енгізіп, сондай-ақ жарияланған көрсеткіштерге уақытылы қол жеткізудің тиісті бақылауын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Келесі жылы пилоттық жобаны іске асыру қорытындысын шығарамыз», деп түйіндеді Премьер-Министр. 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Нұрлыбектің домбырасы

Руханият • Бүгін, 12:13

«ХАТ ҚОРЖЫН»

Қазақстан • Бүгін, 12:01

Күлкі керуені

Руханият • Бүгін, 11:14

Екі қола медаль еншіледі

Бокс • Бүгін, 09:57

«Барыстың» қарқыны қатты

Хоккей • Бүгін, 09:52

Кипрді де жеңе алмадық...

Футбол • Бүгін, 09:51

«Қара алтынды» қапысыз ағызған

Қазақстан • Бүгін, 09:44

Қыз әулие

Руханият • Бүгін, 09:34

Қайталанбас қымыз дәмі

Қазақстан • Бүгін, 09:33

Рухани жаңғырған ауыл

Руханият • Бүгін, 09:28

Екіжақты келісімге қол қойылды

Қазақстан • Бүгін, 09:26

Тәлім мен тәжірибе ұштасқан ұя

Қазақстан • Бүгін, 09:10

Жамбылдықтардың жарқын жобасы

Аймақтар • Бүгін, 08:36

Түгел түркіні түгендеген

Әлем • Бүгін, 08:20

Кей өңірлерде ауа райы өзгереді

Аймақтар • 12 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Иесіз зындан. Дидар АМАНТАЙ

Ең қысқа әңгіме • 12 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ислам Қабылұлы

Ең қысқа әңгіме • 12 Қазан, 2019

Сенаторлар сенбілікке шықты

Қазақстан • 12 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар