Спорт • 17 Қыркүйек, 2019

Әлем чемпионаты: Бүгін жеті боксшымыз шаршы алаңға шығады

471 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін жеті қазақстандық боксшы сынға түседі. Олардың арасында аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев та бар. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Әлем чемпионаты: Бүгін жеті боксшымыз шаршы алаңға шығады

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16:00-де басталатын күндізгі сессияда Қазақстан сапынан үш боксшы жұдырықтасады.

52 келіге дейінгі салмақтағы Сәкен Бибосынов колумбиялық Юберджен Мартинес Риваспен күш сынасады. 

63 келіге дейінгі салмақтағы Зәкір Сафиуллин Куба өкілі Энди Круз Гомеспен жұдырықтасады. Сондай-ақ күндізгі сессияда 91 келідегі Василий Левит шаршы алаңға шығады. Левиттің қарсыласы - украиналық Марат Григорян.  Сағат 20.00-де басталатын кешкі сессияда тағы төрт боксшымыз сынға түседі. 

57 келідегі Қайрат Ерәлиев тайландтық Чатчай Будтимен қолғап түйістіреді.

69 келіге дейінгі салмақтағы Абылайхан Жүсіпов германиялық Ник Бирмен өзара мықтыны анықтайды. 

81 келідегі Бекзат Нұрдәулетов бразилиялық Кено Мачадоға қарсы жұдырықтасады, ал аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев испаниялық боксшымен кездеседі.