Бірінші жарыс күнінде гимнастар шығыршық немесе доппен жаттығу орындады. Бұл бағдарламалар көпсайыс қатарына енеді. Іріктеу нәтижесі бойынша, шығыршықпен жаттығуда 23.650 ұпай жинаған Дина Аверина алда келеді.
Екінші орында 23.400 ұпаймен тағы бір ресейлік спортшы Екатерина Селезнева орналасқан. Әзірге, үздік үштікті болгариялық Боряна Калейн (21.600) қортындылап тұр.
Қазақстан сапынан Алина Әділханова мен Адиля Тілекенова өнер көрсетті. Әділханова 18.850 ұпаймен 29-шы, Тілекенова 18.475 ұпаймен 35-ші орында тұр.