20 Наурыз, 2010

БАСТАМА КӨТЕРДІ

659 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
“Жолаушылар тасымалы” ак­цио­­нерлік қоғамының ұжымы Алматы облысының Ақсу ауданына қарасты “Қызылағаш” елді ме­ке­нінде бөгеттің бұзылып ке­туі­нің ке­сірінен қаза болғандарға кө­мек көр­сету мақсатында жергілікті жер­лердегі филиал­дарымен желілік байланыс жасай отырып, жалпы жи­налыс өткізді. Онда қоғам пре­зиденті  Байдалы Дәрімбетов қаза болғандардың отбасыларына темір­жолшылар атынан қайғырып көңіл айтты. Бір күндік жа­ла­қы­ла­рын осынау тасқында жапа шек­кен­дердің отбастарына аудару жө­нінде бастама көтерді. Тек Қы­зыл­ағаш ауылы ғана емес, баршаның қай­ғысына айналған оқыс оқиғаны түсінген көпшілік бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. “Егемен-ақпарат”.