Жуырда Польшаның Люблин қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында қалың сахараны жайлаған Қазақ елінің мәдениетінен сыр шертетін көрме ашылды.

Қаладағы 113 жылдық тарихы бар Хероним Лопачинский атындағы воеводтық кітапханада «Ұлы даланың ұлы ойшылдары: Қазақстанның тарихы мен мәдениеті» атауымен жұмысын бастаған көрме Қазақстанның Польшадағы елшілігінің бастамасымен, сонымен қатар «Польша-Шығыс» және «Mój Kazachstan» (ауд. «Менің Қазақстаным») бірлестіктерінің қолдауымен ашылған.
Салтанатты шараға Люблин воеводтығының вице-маршалегі (басшысының орынбасары) – Збигнев Войчеховский, Қазақстанның Польшадағы елшісінің кеңесшісі – Данияр Сейдалиев, Польшаның 2004-2007 жж. Қазақстан мен Қырғызстандағы елшісі, «Менің Қазақстаным» бірлестігінің төрағасы – Владыслав Соколовский, Люблиндегі Хероним Лопачинский атындағы воеводтық кітапхананың директоры – Тадеуш Славецкий, «Польша-Шығыс» бірлестігінің басқарма мүшесі – Эдвард Валевандер, сонымен қатар жергілікті тұрғындар мен студенттер қатысты.
Еліміздің тарихы мен мәдениетінен, әсем табиғатынан хабардар ететін көрмеге қазақ тарихын кәсіби зерттеуші Владыслав Соколовскийдің жеке коллекциясы, Қазақстанның Польшадағы елшілігі ұсынған фотосуреттер қойылған.
Шара барысында алғашқы болып сөз алған Елшінің кеңесшісі Данияр Сейдалиев бүгінде қазақ-поляк қарым-қатынастарының қарыштай дамып келе жатқандығын, оған экономикалық ынтымақтастықпен қатар, Польшада білім алып жатқан мыңнан астам қазақстандық студенттің және еліміздегі саны 30 мыңнан асып жығылатын этностық поляктардың да сеп болып отырғандығын жеткізді. Сонымен қатар дипломат тәуелсіздік жылдарындағы саяси трансформациясы да ұқсас жағдайда өткен қос мемлекеттің қазіргі уақытта етене жақын ынтымақтастықта екендігін, атап айтқанда, Польшаның еліміздің Орталық және Шығыс Еуропа аймағындағы, тиісінше, Қазақстанның Польша үшін Орталық Азия аймағындағы негізгі серіктестердің бірі екендігін тілге тиек етіп, Люблин воеводтық кітапханасына мемлекетіміздің тарихы, мәдениеті мен экономикасынан, туризм әлеуетінен хабардар ететін қомақты кітап қорын сыйға тартты.
Люблин воеводтығының вице-маршалегі Збигнев Войчеховский өз сөзін түрлі саяси науқандар кезінде елімізге жер аударылып, арып-ашып келген поляктарға қол ұшын созып, барымен бөліскен қазақ халқына алғыс айтудан бастады. Аталған тарихи факторлардың ықпалымен қос мемлекет халықтарының арасында қазіргі күні ерекше жақындықтың, рухани байланыстың бар екендігіне тоқталып, бұл шараның өз жерлестерін қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне жақындастыра түсетіндігін айтып өтті.
Ал Хероним Лопачинский атындағы воеводтық кітапхананың директоры сөзін «Ежелден Ұлы Жібек жолының бойында орын тепкен тарихы іргелі, табиғаты әсем, мәдениеті бай қазақ елі туралы не білеміз?» деген сауалдан бастап, Қазақстанда парламент депутаты және мемлекеттік қызметші ретінде ұзын-саны жеті рет болғандығын айта келе қос мемлекеттің мәдени, туристік саладағы байланыстарын нығайтуға аталған шаралардың оң ықпалын тигізетіндігін жеткізді.
Сондай-ақ көрме барысында антикалық авторлардың мұрасының кейінгі Еуропа ғалымдарына жетуіне зор ықпал еткен – Әбу Насыр әл-Фарабидің қазақ жерінің тумасы екендігі айтылды. Алтайдан Еділге дейінгі аралықты кең жайлаған қазақтың бірлігін сақтап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман орнатқан әйгілі Тәуке ханның ірі саясаткер, дипломат болуымен қатар, заманында озық заң жүйесін қалыптастырған реформатор болғандығы таныстырылды.
В.Соколовский баяндамасында дәуірінен оза туған, алдағы уақытта халықаралық деңгейде 175 жылдығы аталып өткелі отырған хакім Абайдың тұлғасы, ақындық, ойшылдық, ағартушылық және аудармашылық қырлары айшықталып, поляк тіліне өзі тәржімалаған ақынның «Интернатта оқып жүр, талай қазақ баласы» атты өлеңі оқылды.
Мәдени шараға келген көрерменді сөзге тартып, көрмеден алған әсерлерін сұраған едік.
Елжбета Сендейевич, қала тұрғыны: Елдеріңізде түрлі белдеулерді қамтитын табиғаты әсем жерлер көп екен. Қандай әдемілік, керемет! Ал қойылған ұлттық нақыштағы бұйымдардың ерекшелігін айтыңыз... Неткен мұқияттылықпен әрі шығармашылық шабытпен жасалған десеңші! Өз басым біздің халықтарымызды жақындастырып, тың дүниелерді тануға мүмкіндік беретін мұндай шаралардың өткізілуін қолдаймын.
Ирена Ивашкевич, кәсіпкер: Мен кәсіпкер ретінде Қазақстан аумағында іссапарларда жиі боламын. Қайда болмасын, қазақ халқының тарапынан мейірімді, қажет кезінде қол ұшын созатын азаматтарды кездестіремін. Сіздердің елшілік өткізетін барлық шараға ұдайы қатысып келемін. Жыл өткен сайын қос мемлекет арасындағы қарым-қатынастың атап айтқанда, мәдени-гуманитарлық байланыстардың нығая түскендігі қуантады.
Арайлым Аманжолқызы, Люблин қаласындағы Экономика және инновация университеті, Менеджмент мамандығының ІІ курс студенті: Мұрагері біз болып табылатын көшпенділер өркениеті әлемдік өркениеттің ажырамас, құрамдас бөлігі. Еліміздің тарихы мен мәдениеті бай. Соны тиісінше халықаралық дәрежеде таныта білуіміз керек. Біз, студенттер, елдің айнасымыз. Шетелде жүрген кезде Қазақстанның өкілдері ретінде өзімізге екі есе жауапкершілік аламыз. Себебі әрбір қадамымыз еліміз туралы көзқарасты қалыптастырады. Қай жерде, қай елде жүрсең де туған елдей ел болмас! Мұндай кездесулердің елден жырақта жүргенде өткізілуі, туған еліңнің бір бөлшегін сезіну тіптен ерекше, тіптен ыстық болады екен.... Мұндай шаралар біздің ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге зор үлесін қосады.
Осылайша, «Ұлы даланың ұлы ойшылдары: Қазақстанның тарихы мен мәдениеті» атты көрме өз жұмысын бастады. Люблин қаласындағы Х.Лопачинский атындағы воеводтық кітапханада ашылған көрме қазан айының ортасына дейін жалғасады.
Жандос Әуелбекұлы,
арнайы «Egemen Qazaqstan» үшін
Люблин (Польша)
Өнер • Бүгін, 22:05
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Бүгін, 21:27
«Көңіл көңілден су ішетін» керемет күн
Қазақстан • Бүгін, 21:16
Нигерияда бандалар ұрлаған 300-ден астам мектеп оқушысы босатылды
Әлем • Бүгін, 20:40
Ақмола облысы: Экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі жол картасына өзгеріс енгізіледі
Аймақтар • Бүгін, 19:50
Елордада қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті
Спорт • Бүгін, 19:20
Бельгияда коронавирустың «үшінші» толқыны туралы айта бастады
Әлем • Бүгін, 18:50
Санкт-Петерборда Жамбылдың 175 жылдығы тойланды
Руханият • Бүгін, 18:00
Ақмолада сотталғандар кездесудің орнына екі сағаттық бейнебайланысқа шығады
Аймақтар • Бүгін, 17:14
«Канело» мен Йылдырым титулдық жекпе-жек үшін қанша гонорар алды?
Спорт • Бүгін, 16:27
Қос боксшымыз Украинада топ жарды
Бокс • Бүгін, 16:00
Оралда ер адам газдан уланып көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 15:07
Алматы облысында кәсіпкер түрмеге 32 телефон өткізбек болған
Аймақтар • Бүгін, 14:34
Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Алматының Алмалы ауданында өрт болды
Аймақтар • Бүгін, 14:02
Түркістандағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Этномәдени бірлестік өкілдері Сәбит Мұқанов саябағына ағаш отырғызды
Аймақтар • Бүгін, 13:17
АҚШ жаңа вакцинаның қолданысына рұқсат берді
Әлем • Бүгін, 12:40
Ауа райына байланысты жабық тұрған трассалар туралы мәлімет
Қазақстан • Бүгін, 12:25
«Мен мұндай полицияны еш жерден көрмедім...»
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Облыстық ассамблея алғыс гимнін шырқады
Аймақтар • Бүгін, 11:21
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Бүгін, 10:44
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Бүгін, 10:41
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Бүгін, 09:58
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:26
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:17
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар