Қоғам • 18 Қыркүйек, 2019

Баспана жалғызілікті анаға берілді

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Баспана жалғызілікті анаға берілді

Қазақстан Мұсылман­дары Діни басқармасы жанын­дағы «Зекет» қоры­ның Өскемен аймақтық бө­лі­мінің ұйытқы болуымен Ұлан ауданы Асубұлақ ауылында тұратын жалғызбасты ана Әсия Қалиеваға 4 бөл­мелі үйдің кілті табыс етіл­ді. Игі ша­раға облыстық «Халифа Алтай» мешіті мен «Зекет» қорының өкіл­дері, Ұлан ауданы әкім­дігінің қызметкерлері мен кә­сіпкерлер, ауыл тұр­ғын­дары қатысты. «Қазақ­стан Мұсылмандары Діни бас­қармасы «Ел үлесі – пә­тер­ге» акциясын жа­риялаған болатын. Акция­ның нәти­жесінде ел көлемінде қысқа мерзім ішінде 125 отбасы бас­паналы болып жатыр. Бұл үй Шығыс өңірінде бе­ріліп жатқан 5-ші баспана, біз баспанаға мұқтаж осы отбасыны әдейі таңдап, Алла ра­зылығы үшін қайы­рым­дылық шарасын қолға алып отырмыз» дейді «Зекет» қорының Өскемен аймағы бойынша өкілі Аманбол Қуатұлы.

Шығыс Қазақстан облысы,
Ұлан ауданы