Спорт • 18 Қыркүйек, 2019

Тимур Құлыбаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды

40 реткөрсетілді

Тимур Құлыбаев Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті қызметіне қайта сайланды. Бүгін Қазақстан ҰОК Бас Ассамблеясының отырысы өтті. Жиынға Ассамблея мүшелері, олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық спорттық федерациялардың президенттері қатысты. Бұл туралы olympic.kz хабарлады.

Дауыс беру нәтижесі бойынша Ассамблея мүшелері еліміздегі бас олимпиадалық ведомство басшысын тағы да төрт жылға сайлады. Тимур Асқарұлы бұл қызметке алғаш рет 2015 жылы тағайындалған болатын. 

«Артта қалған төрт жыл ішінде қазақстандық спорттың дамуында үлкен өзгерістер байқалды. Әсіресе, мемлекеттік құрылымдар, Ұлттық Олимпиадалық комитет және ұлттық спорттық федерациялардың бірлескен жұмысының арқасында көптеген іс тындырылды.  Барлық деңгейдегі тығыз қарым-қатынас орнату прогреске жетеледі, сондықтан, әрбіріңізге – спорттың олимпиада түрі бойынша команда басшысынан спорт дәрігеріне дейін, федерацияның бас хатшысынан менеджерге дейін, спорт киімдерін үлестіруге жауапты адам, жалпы, барлық спортшыға, ата-анасы мен атлеттердің бапкерлеріне алғыс айтамын. Барлық жетістік біздің ортақ жеңісіміз.   Бүгінде Қазақстан ҰОК – расымен де халықаралық спорт қауымдастығының маңызды мүшесі және әлемдің спорт ұйымдарының сенімді серіктесі. Қазақстан ҰОК төрт жылда үлкен жұмыс тындырды. Алайда, отандық спорттағы фундаменталды өзгерістерге қарамастан, бұл іс тек бастамасы ғана. Алда жауапты шаралар мен жаңа белестер. Қазақстандағы спортты дамыту үшін еңбектене береміз», деді Қазақстан ҰОК қайта сайланған басшысы Тимур Құлыбаев. 

Отырыс барысында ҰОК-тың отандық спорт жүйесін түбегейлі өзгерткен төрт жылғы жұмысы қорытындыланды. Спорт мәселелері бойынша заңнамаларға түзетулер енгізіліп, олар 2018 жылы күшіне енді; ҰОК бірінші рет мемлекеттік тапсырыс орындаушысы болды. 

Бұл ұлттық спорт федерацияларының тиімділігін арттырды. Спорт түрлерін реттеу мүмкін болды, нәтижесінде қаржыландыру көлемі жетістіктерге, бұқараның жұмылдырылуына, кадрлармен, спорттық базалар қамтылу және өзге факторларға байланысты болды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелі төмендеді, олимпиадалық спортта қаржы ағыны айқын бола бастады, қолма-қолсыз есептесуге ауысып жатыр.

Қазақстан ҰОК сыбайлас жемқорлық тәуекеліне сараптама жасау жөнінде бастама көтерді, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ықпал ету агенттігі алғаш рет мемлекеттік емес ұйымда осы бағытта жұмыс істеді. Олимпиада комитетінің шынайы және таза спортқа бүйрек бұруы ұйым жұмысының барлық саласында көрініс тауып келеді.  ҰОК президентінің тікелей тапсырмасы бойынша спорттың олимпиада түрлері бойынша құрама командаларды оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар кезінде сапалы медициналық қадағалаумен қамтамасыз етуге бағытталған жоба жасалып, бүгінде жүзеге асырыла бастады. Кешенді ғылыми топтарға дәрігерлер, мануалды терапевтер мен диетологтар, биохимиктер, массаж жасаушылар кіреді, бүгінде құрама командалармен 123 маман жұмыс істейді, елдегі және шетелдегі шараларға спортшылардың жанында болады.  ҰОК Қазақстан ұлттық андидопинг орталығымен тығыз қарым-қатынас орнаттты.

Көптеген спорттың олимпиада түрлері бойынша командалар жиын өткізетін Дүниежүзілік бокс академиясы негізінде заманауи ProSport спорт медицинасы, сауықтыру және дайындық орталығы ашылды. Жаңа техникалық жабдықтармен қамтылған, қызмет аясы кең, әзірге Қазақстанда баламасы жоқ орталық 27 қыркүйекте ашылады деп жоспарланып отыр. Осы уақытта ХОК әлемге танымал спикерлерінің қатысуымен спорт медицинасы бойынша халықаралық конференция өтеді. 

Бүгінде 10 ұлттық федерацияның өкілдері өз спорт түрлері бойынша халықаралық федерацияның атқарушы комитетінің, сондай-ақ, түрлі комиссиялардың құрамына енеді. Сондай-ақ, азиялық ұйымдарда да қазақстандық өкілдер көп. 14 ұлттық федерация өкілі құрлықтық ұйымға мүше.  Халықаралық спорттық федерацияларда жас мамандардың тәжірибе жинауына да үлкен мүмкіншіліктер қарастырылған.

Бұдан бөлек, Қазақстан ҰОК президенті спорттық федерациялар мен клубтардың, қауымдастықтар мен Конфедерацияның және Қазақстан ҰОК қызметкерлерін халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша дене шынықтыру және спорт саласында білім алуы туралы бастаманы көтерді. Мұның бәрі отандық спортты білікті мамандармен толықтыруға арналған қадамдар болатын. 

ҰОК-тың Олимпиадалық ынтымақтастық бағдарламасымен әріптестігі аясында спорттық менеджерлер мен бапкерлер алдыңғы қатарлы елдерде біліктілігін арттырып, тәжірибе алмасуда. 

Тек қана 2018 жылы 85 спортшы мен 27 спорт түрінен 205 жаттықтырушы  Олимпиадалық ынтымақтастық бағдарламасының қатысушысы атанды. Спорттық ұйымдардың 207 өкілі өз мамандықтары бойынша курстан өтті. 

2015-2016 жылдары Қазақстан ҰОК-та ребрендинг өткізілдіп, ұйымның маркетингтік және институтционалды логотиптері бекітілді. ҰОК сайты Olympic.kz толығымен жаңартылды. Бүгінде бұл олимпиадалық спорт түрлеріне арналған,  күн сайын 24/7 форматында өз контентін жаңартатын толыққанды ақпараттық порталға айналды. Мұнда спортшылардың нәтижесі туралы жедел ақпараттар, сұхбаттар, пікірлер, анонстар мен сараптамалық мақалалар, фото және видеоматериалдар жарияланады. 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Алматы еліміздің мәдени орталығы

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Жаңаөзенде «Баста» форумы өтті

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Алғашқы күні жүлде бұйырмады

Спорт • 18 Қазан, 2019

«Алтын бутса» иесі атанды

Спорт • 18 Қазан, 2019

Тағы овертаймда ұтылды

Хоккей • 18 Қазан, 2019

Жәнияның жұлдызы жарқырады

Руханият • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар