20 Наурыз, 2010

ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ – 100 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ

532 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алматы облысының “Қы­зыл­ағаш” ауылында та­биғат апаты­нан зардап шеккендерге көмек қолын созушылар қатары да көбейе түсуде. Тасқын салдары­нан келген шығынның орнын тол­ты­рып, қызылағаштықтарға қам­қорлық көрсетушілердің арасында Алматы қаласының тұрғындары да бар. Алматы қаласының әкімі Ах­мет­жан Есімов облыста орын алған тосын оқиғаға байланысты өт­кі­зілген қалалық кеңесте Алматы об­лысының әкімдігіне 100 миллион теңге көлемінде материалдық кө­мек көрсетілетіндігін хабарлады. Сонымен қатар, табиғат апатынан зардап шеккендерге қалалық әкім­дік қызметкерлері бір күндік жа­лақысын аударуды ұйғарып отыр. Қала басшысы  оңтүстік астанадағы барлық мекемелерге қалыптасып отырған жағдайға байланысты көмектің барлық түрін көрсетуді тапсырды. Мәселен, қалада мем­ле­кеттік емес ұйымдардың күшімен Алматы облысындағы табиғат апатынан зардап шеккен тұрғын­дарға арналған қор құрылып, оған көпшілік киім-кешек тағы да басқа тұрмысқа қажетті заттарды тап­сыруда. Қалалық кеңесте сөз алған А.Есімов Алматы қаласына төнген тасқын және сел апатының қаупі жоқ екендігін мәлімдеді. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті жыл бойы табиғат апатына бай­ла­нысты жағдайлардың, қар тас­қы­нының, су тасқынының жағдайын жүйелі түрде қадағалауда. Соған қарамастан, облыста орын алған тосын оқиға қалалық қызмет ор­ын­дарының жұмыстың ерекше ере­же­сіне көшуді талап етіп отыр. Оң­түстік астананың таулы және тау баурайындағы аудандарында “Қаз­селқорғау” жүйесінің постылары қойылған. Ахметжан Есімов тасқын су­лардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қалалық штабты құруды тапсырды. Оған қала әкімінің бірінші орынбасары Мәу­лен Мұқашев жетекшілік етеді. Бақыт БАЛҒАРИНА, Алматы.