Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бұйрығы №444
Сенбі, 26 қаңтар 2013 5:53
2012 жылғы 7 желтоқсан, Астана қаласы
Арнайы экономикалық аймақтар әкiмшiлiктерiнiң өкiлеттiк мерзiмдерiн айқындау туралы
Сенбі, 26 қаңтар 2013 5:53
2012 жылғы 7 желтоқсан, Астана қаласы
Арнайы экономикалық аймақтар әкiмшiлiктерiнiң өкiлеттiк мерзiмдерiн айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Арнайы экономикалық аймақтар әкiмшiлiктерi осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2013 жылғы 1 наурызға дейiнгi мерзiмде басқарушы компаниялардың функцияларын орындасын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Инвестиция комитетi (Е.Қ. Хаиров) осы бұйрықтың заңнамада белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледі және 2012 жылғы 16 тамыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің міндетін атқарушы А.РАУ.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар атқарушысының
2012 жылғы 7 желтоқсандағы №444 бұйрығына қосымша
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң «Инновациялық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймақ дирекциясы» мемлекеттiк мекемесi.
2. «Оңтүстiк» арнайы экономикалық аймақ дирекциясы» мемлекеттiк мекемесi.
3. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгiнiң «Ұлттық индустриялық мұнай-химиялық технопаркi» арнайы экономикалық аймақ дирекциясы» мемлекеттiк мекемесi.
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Туризм индустриясы комитетiнiң аумақтық департаментi – «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының әкiмшiлiгi» мемлекеттiк мекемесi.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2012 жылғы 26 желтоқсанда Нормативтік құқықтық келісімдері мемлекеттік тіркеудің тізіміне №8227 болып енгізілді.