Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2019

Қостанайда ІІ Дүниежүзілік соғыс ардагері 100 жасқа толды

853 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ІІ Дүниежүзілік соғысының ардагері Иван Карапыш 100 жасқа толған мерейтойын тойлады. Бұл туралы  Қостанай қалалық Ардагерлер ұйымы хабарлады.

Қостанайда ІІ Дүниежүзілік соғыс ардагері 100 жасқа толды

Ардагер ғасырға толған жасында жаңа кітабын жазып жатыр. Иван Федоровичтің мұның алдында жазған «Жолдар – менің тағдырым» атты оның соғыстан кейнгі бейбіт жалдары елімізге сіңірген еңбегі туралы жазды. Ол соғыстан кейінгі бейбіт өмірде жолдар салумен айналысты.

Иван Федорович Кеңес одағы жылдары облыстағы Жол басқармасының бастығы болып қызмет етті. Сол жылдары Қарасу ауданына 350 шақырым тас жол салғызған болатын. Аудан тұрғындары оны әлі күнге дейін ризашылықпен еске алады. Бүгінде ардагердің бұл кітабы Тұңғыш Президент музейінде сақтаулы тұр.

Ардагер өміріндегі ең жоғары марапаты елге майданнан аман-есен оралуы деп біледі.

«1941 жылға дейін самурайлармен болған соғысқа қатысты. Сол жылдардағы еңбегім үшін Маршал Жуков медалін тақты. 1942 жылдан бастап батысқа, Екінші Украин майданына жіберілді» деп әңгімеледі Иван Федорович туралы Қостанай қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Юрий Хорьяков.

Ардагердің ғасырлық туған күніне Қостанай және оның өзі өскен Қарасу аудандық Ардагерлер кеңесінің мүшелері келді. Олар Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметовтің той иесін құттықтауын жеткізді. Әкімнің атынан мерейтой иесіне Қостанай қаласының 140 жылдығына арнап шығарылған сағат сыйға тартылды.