Шараның басты мақсаты – ұлы тұлғалардың діни еңбектерін дәріптеу мен салт-дәстүр сабақтарын саралай отырып имамдардың білімдерін жоғарылату. Алдағы уақытта жоба ауқымын республикалық деңгейге шығару жоспарлануда дейді ұйымдастырушылар. Қатысушы имамдар байқау алдында бірнеше семинарларға қатысқан.
«Биылғы шараның басты артықшылығы біз имамдарға алдын ала 4 семинар өткіздік. Әр семинарға 20 имамнан қатысты. Семинардың мақсаты – жалпы Қазақстан қоғамының зайырлы құндылықтары, әдет-ғұрпы салт-дәстүрін насихаттау, имамдардың білім деңгейін арттыру. Осы бойынша бізде 4 күндік семинар өтті», – дейді Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының өкілдері.
Шешуші кезеңде қатысушылар қазақтың ырым-тыйымдары, белгілі бір жағдаятқа байланысты уағыз айту кезіндегі тіл тазалығы сынды тақырыптарда бақ сынайды. Жеңімпаздардың есімі бүгін анықталмақ.
АЛМАТЫ