26 Қаңтар, 2013

Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігінің бұйрығы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

373 рет
көрсетілді
20 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігінің бұйрығы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ


Сенбі, 26 қаңтар 2013 6:10

2012 жылғы 24 тамыз № 144 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бұйрығы

2012 жылғы 9 қазан № 368 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығы

2012 жылғы 16 қазан № 465 Астана қаласы

Сенбі, 26 қаңтар 2013 6:10

2012 жылғы 24 тамыз № 144 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бұйрығы

2012 жылғы 9 қазан № 368 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығы

2012 жылғы 16 қазан № 465 Астана қаласы

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

«Ұңғымалар объектiлерiн сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты iске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жағдайында газды технологиялық ерiксiз жағу кезiнде iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсету регламентін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес бұйырамыз:
1. Қоса беріліп отырған «Ұңғымалар объектiлерiн сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты iске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жағдайында газды технологиялық ерiксiз жағу кезiнде iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитетінің төрағасына, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасына және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі С.МЫҢБАЕВ.
2012 жылғы 24 тамыз

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының Индустрия және
жаңа технологиялар министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ.
2012 жылғы 9 қазан

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі В.БОЖКО.
2012 жылғы 25 тамыз

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2012 жылғы 24 тамыздағы № 144,
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 368
және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің
2012 жылғы 16 қазандағы № 465 бірлескен бұйрығына қосымша

«Ұңғымалар объектiлерiн сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты iске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жағдайында газды технологиялық ерiксiз жағу кезiнде iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті

1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Ұңғымалар объектiлерiн сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты iске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жағдайында газды технологиялық ерiксiз жағу кезiнде iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға рұқсат беру» бойынша мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Осы Регламентте мына ұғымдар қолданылады:
1) жауапты орындаушы – міндетіне рұқсат алуға өтініштерді және қоса беріліп отырған құжаттарды қарау кіретін лауазымды тұлға;
2) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың кіші жүйелері;
3) мемлекеттік қызметті алушы – мемлекеттік қызметті алуға өтініш білдірген заңды тұлға;
4) мүдделі уәкілетті органдар – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi.

2. Жалпы ережлер
3. Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.
4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттiк қызмет «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 85-бабы, «Iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға рұқсат беру қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1174 қаулысы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 шілдедегі № 1009 қаулысымен бекітілген «Ұңғымалар объектiлерiн сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты iске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жағдайында газды технологиялық ерiксiз жағу кезiнде iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде көрсетіледі.
6. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтің нәтижесi ұңғымалар объектiлерiн сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты iске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жағдайында газды технологиялық ерiксiз жағу кезiнде iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға берілетін, жағылатын газдың көлемі мен қолданылу мерзімі көрсетілген рұқсатты (бұдан әрі – рұқсат) қағаз тасығышта беру немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасығышта беру болып табылады.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне енгізілген мемлекеттік органдар:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті – рұқсаттың жобасын келісу;
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi – рұқсаттың жобасын келісу.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
8. Мемлекеттік қызметті Комитет: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 19, А блогы, 0505 А кабинеті мекенжайы бойынша көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген мереке және демалыс күндерінен басқа, күн сайын, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
9. Мемлекеттiк қызметті көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) www.mgm.gov.kz ресми интернет-ресурсындағы «Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті» бөлімінде орналастырылады.
Мемлекеттік қызметтің көрсетілу барысы туралы ақпарат 8 (7172) 97-68-64 телефоны бойынша беріледі.
10. Қызметті көрсету процесіне енгізілген мемлекеттік органдарға жүгіну талап етілмейді.
11. Мемлекеттiк қызмет стандарттың 7-тармағына сәйкес мерзімде көрсетіледі.
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
13. Жер қойнауын пайдаланушының стандарттың 11 және 12-тармағында көзделген талап етілетін құжаттардың барлығын бермеуі жер қойнауын пайдаланушы хабардар етілген күннен бастап олар берілген күнге дейін өтінішті қарауды тоқтатуға әкеп соғады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден стандарттың 16-тармағы негізінде бас тартылады.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
1) өтінішті тіркеу;
2) өтінішті алдын ала қарау:
рұқсаттың қарастыру мерзімін тоқтату немесе беруден бас тарту туралы негіздер болмаған жағдайда, өтініш пен қоса беріліп отырған құжаттарды мүдделі уәкілетті органдарға жіберу;
мемлекеттік қызметті алушыға рұқсаттың қарау мерзімін тоқтату туралы хабарламасын жіберу;
мемлекеттік қызметті алушыға рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауабын жіберу;
3) мүдделі уәкілетті органдардың рұқсат алуға өтініші мен қоса беріліп отырған құжаттарды қарағаны туралы хатын тіркеу;
4) мүдделі уәкілетті органдардың хаттарын және өтініші мен қоса беріліп отырған құжаттарын қарау:
рұқсаттарды ресімдеу;
мүдделі уәкілетті органдардың бас тартуы негізінде рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауабын жіберу.
Мемлекеттік қызметті алушының ескертулерді жою және қарау мерзімдерін қалпына келтіруі кезінде өтініш пен қоса беріліп отырған құжаттар мүдделі уәкілетті органдарға жіберіліп, осы тармақтың 3) және 4) кезеңдері орындалады.
15. Құжаттар Министрліктің кеңсесінде кезек бойынша алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз мына мекенжайда: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 19, А блогы, 0305 А кабинетінде қабылданады.
Министрлік кеңсесінің жұмыс кестесі еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген мереке және демалыс күндерінен басқа, күн сайын, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Ғимаратқа кіру рұқсаттама бюросы берген рұқсаттама қағазы бойынша жүзеге асырылады. Рұқсаттама бюросының жұмыс кестесі: еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген мереке және демалыс күндерінен басқа, күн сайын, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылдар
(өзара іс-қимылдар) тәртібінің сипаттамасы
16. Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш Министрліктің кеңсесінде Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі.
Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштің тіркелгені туралы Комитеттің қызметкерлері телефон арқылы немесе электрондық пошта арқылы хабарлайды.
17. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне мынадай ҚФБ қатысады:
1) Министрлік кеңсесі;
2) Комитет басшылығы;
3) Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
4) Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы;
5) мүдделі уәкілетті органдар.
18. Әрбір ҚФБ әкімшілік іс-қимылдардың (рәсімдердің) орындалу мерзімін мәтіндік кесте сипатында көрсеткен әкімшілік іс-қимылдар (рәсімдер) дәйектілігінің сипаттамасы және өзара іс-қимылы осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
19. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі әкімшілік іс-қимылдардың қисынды дәйектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты бейнелейтін схемалар осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

«Ұңғымалар объектiлерiн сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты iске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жағдайында газды технологиялық ерiксiз жағу кезiнде iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға рұқсат беру» бойынша мемлекеттік қызметті көрсету регламентіне
1-қосымша

Әкімшілік іс-қимылдар (рәсімдер) дәйектілігінің және өзара іс-қимылдардың сипаттамасы

1-кесте. ҚФБ іс-қимылдарының сипаттамасы
Негізгі процестің іс-қимылдары (барысы, жұмыстар ағыны)
1 Іс-қимылдар-
дың № (бары-
сы, жұмыстар ағыны) 1 2 3 4
2 ҚФБ атауы Министрлік кеңсесі Комитет басшылығы Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің басшысы Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы
3 Іс-қимылдардың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы Құжаттарды қабылдау Комитеттің жауапты құрылымдық бөлімшесін белгілеу Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын белгілеу Өтініш және қоса беріліп отырған құжаттарды қарау және мына іс-қимылдардың біреуін орындау
Мүдделі уәкілетті органдарға жіберу Қарау мерзімін тоқтата тұру Рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауап
4 Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім) Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеу Бұрыштама қою, Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің басшысына жіберу Бұрыштама қою, Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысына жіберу Рұқсат жобасы және өтініш пен қоса беріліп отырған құжаттарды мүдделі уәкі-
летті органдар-
ға жіберу Рұқсатты қарау мерзімін тоқтату туралы хабарлама жіберу Рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты жіберу
5 Орындалу мерзімі 15 минут Күніне
4 реттен кем емес Күніне 4 реттен кем емес 5 жұмыс күні

Негізгі процестің іс-қимылдары (барысы, жұмыстар ағыны)
1 Іс-қимылдардың № (барысы, жұмыстар ағыны) 5 6 7 8 9
2 ҚФБ атауы Мүдделі уәкілетті органдар Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің басшысы Комитет басшылығы Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы
3 Іс-қимылдардың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы Рұқсат беруді келісу немесе келісуден бас тарту туралы дәлелді жауап Мүдделі уәкілетті органдардың хаттарын қарау және мына іс-қимылдардың біреуін орындау Рұқсатпен немесе рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауаппен келісу Рұқсатқа немесе рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою Рұқсаттарды тіркеу журналын жүргізу
4 Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім) Рұқсат берумен келісу туралы немесе рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауабы бар хат Рұқсатты ресімдеу Рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты жіберу Келісу парағына қол қою Рұқсатқа қол қою Рұқсаттарды тіркеу журналына жазу және рұқсатты бірінші басшыға немесе заңды тұлғаның сенімді өкіліне беру
5 Орындалу мерзімі 15 жұмыс күні 5 жұмыс күні 4 сағат 4 сағат 15 минут

2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс.
1-ҚФБ
Министрлік кеңсесі 2-ҚФБ
Комитет басшылығы 3-ҚФБ
Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің басшысы 4-ҚФБ
Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы 5-ҚФБ
Мүдделі мемлекеттік органдар
№ 1-іс-қимыл
Өтінішті қабылдау, талон беру, өтінішті тіркеу, өтінішті Комитет басшылығына жіберу № 2-іс-қимыл
Орындау үшін Комитеттің жауапты құрылымдық бөлімшесін анықтау, бұрыштама қою № 3-іс-қимыл
Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын анықтау, бұрыштама қою № 4-іс-қимыл
Өтінішті және ұсынылған құжаттарды қарау, өтініштің жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңына сәйкестігін анықтау, келісу үшін мүдделі мемлекеттік органдарға жіберу № 5-іс-қимыл
Өтініштерді және ұсынылған құжаттарды қарау, рұқсат берумен келісу туралы хат жіберу
№ 6-іс-қимыл
Рұқсатты берумен келісу туралы хатты тіркеу № 7-іс-қимыл
Бұрыштама қою № 8-іс-қимыл
Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын белгілейтін бұрыштама қою № 9-іс-қимыл
Рұқсатты ресімдеу
№ 11-іс-қимыл
Рұқсатқа қол қою № 10-іс-қимыл
Рұқсатты келісу № 12-іс-қимыл
Рұқсатты тіркеу журналын толтыру және рұқсатты бірінші басшыға немесе заңды тұлғаның сенімді өкіліне беру

3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы процесс.
1-ҚФБ
Министрлік кеңсесі 2-ҚФБ
Комитет басшылығы 3-ҚФБ
Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің басшысы 4-ҚФБ
Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы 5-ҚФБ
Мүдделі уәкілетті органдар
№ 1-іс-қимыл
Өтінішті қабылдау, талон беру, өтінішті тіркеу, өтінішті Комитет басшылығына жіберу № 2-іс-қимыл
Орындау үшін Комитеттің жауапты құрылымдық бөлімшесін анықтау, бұрыштама қою № 3-іс-қимыл
Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын анықтау, бұрыштама қою № 4-іс-қимыл
Өтінішті қарау, өтініштің жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңына сәйкестігін анықтау,өтінішті қарау мерзімін тоқтата тұру туралы немесе рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты жіберу, егер өтініш жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңына сәйкес болса рұқсат жобасы мен құжаттарды мүдделі уәкілетті органдарға жіберу № 5-іс-қимыл
Өтініш пен қоса беріліп отырған құжаттарды қарау, рұқсат беруді келісуден бас тарту туралы жауапты жіберу
№ 6-іс-қимыл
Рұқсатты беруді келісуден бас тарту туралы хатты тіркеу № 7-іс-қимыл
Мүдделі уәкілетті органның келісуден бас тарту туралы хаты негізінде рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты жіберу

«Ұңғымалар объектiлерiн сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты iске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жағдайында газды технологиялық ерiксiз жағу кезiнде iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға рұқсат беру» бойынша мемлекеттік қызметті көрсету регламентіне
2-қосымша

Әкімшілік іс-қимылдардың қисынды дәйектілігі арасындағы
өзара байланысты бейнелейтін схемалар

Функционалдық іс-қимылдардың диаграммасы
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 15 қарашада Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8083 болып енгізілді.