Қоғам • 21 Қыркүйек, 2019

Бүгін отандық онкологтар барлық өңірде әйелдерді қатерлі ісікке тегін тексереді

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін сенбі, яғни 21 қыркүйекте таңғы сағат 09.00-дан түскі 14.00-ге дейін Алматыдағы ҚР ДСМ Қазақ Онкология және Радиология ғылыми-зерттеу институты мен барлық облыстық онкологиялық диспансерлерде гинекологиялық қатерлі ісік ауруларын  ерте анықтау үшін,  Ашық есік күні өтеді.

Бүгін отандық онкологтар барлық өңірде әйелдерді қатерлі ісікке тегін тексереді

Жыл сайын Қазақстанда 1800-ге жуық әйел жатыр мойны обырына шалдығады. 600-ге жуық әйел көз жұмады. Жатыр мойны обыры онкологиялық аурулардың ішінде 2 орын алып отыр.

Егер де Сіз өзіңізде:

· жыныстық қатынастан кейін қынаптан ағыл-төгіл су тәрізді және мен қанды сұйықтықты

· етеккір аралығында кейінгі қынаптан қан кетуді

· жағымсыз иісі бар бөліндіні

· іштің төменгі жағы мен белдің ауыруын

· іш көлемінің жылдам ұлғаюын

· сонымен қатар, әлсіздік пен қажу, тәбеттің болмауын байқасаңыз

жедел түрде онколог дәрігерге қаралуыңыз керек.

УДЗ, КТ, МРТ-ге жолдама көрсеткіші бойына беріледі. КТ және МРТ тұрғылықты жері бойынша тегін. Қосымша ақпаратты +7 (727) 349-61-16 телефоны арқылы біле аласыздар.

 

ҚазОРҒЗИ мекен-жайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы 91, Шагабутдинов көшесінің қиылысы. Қабылдау және кеңес беру бөлімі.

Он